Жаңа құрылыс бой көтерді

Азаматтарымыздың арқасында ауылдарымыз көркейіп келеді…

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Ауыл жайлы сөз қозғалғанда кімнің өн бойын қуаныш кернемейді дейсің? Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Қозы, лақ маңырап құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдасып, жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері жақсы дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол өзінің төрт түлік малдарымен, ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен ерекшеленеді. Сол үшін де біз ауылдың қадірін түсініп, оның әлеуетін көтеруіміз керек. Ауылдың өсіп-өнуіне ықпал ететін ауыл тұрғындары мен беделді азаматтары.

Ауданымыздағы туған жеріне қосқан үлесі мол жандардың бірі Қожа ауылының құрметті азаматы Ақылбек Әлімғазиев. Осы ауылдың тіршілігін кеңейтіп, жұмыс күшін көбейтіп, ауылы үшін қолынан келгенін жасауда. Атап өтетін істердің бірі, 2020 жылы «А.Әлімғазиев» шаруа қожалығы бастаған Қожа ауылына 16 бөлмелі жер үй салу жұмыстары. Бүгінде құрылыс толық дерлік аяқталып қалды десек болады. Үй тұрғызылып, ішкі құрылыстар аяқталып, жарық өткізіліп есіктер салынды. Ендігі жұмыс жылу мен толық жабдықтау ғана.

700кв/м құрайтын 16 бөлмелі баспана көп балалы отбасылар мен қызметкерлерге арналған.Жалпы бұл ғимараттың құрылыс жұмыстарына 40 млн қаражат жұмсалған. Бастан аяқ үй құрылысы Ақылбек мырзаның демеулігімен жүргізілуде.

Болашақта ауылдарымыз көркейген үстіне көркейіп, аумағы кеңейіп, аудан орталығы сынды ірі ауылға айналады деген үміттемін. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, қоныстанған тұрғындарға да қолайлы болар еді.

Келешек үшін осындай ел азаматтары үлгі алуға тұрарлық . Аға буын келешек ауыл жастары үшін өнеге, ертеңгі ұрпақтың ауыл келешегіне тигізер пайдасы зор. Ауылда асыр салып ойнаған әр бір жан келешекте ауылдан ұзағанымен, туған жерінің тынысы үшін пайдасын тигізсе, еліміздің әр ауылы көркейіп, тіршілігі қайнап тұрар еді. «Ауылын көріп азаматын таны» демекші, әр біріміздің бейнеміз туған ауылымыз. Ауылдың, елдің көркеюіне үлесімізді қосайық!

Айгүл САБИТБЕКОВА

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

7 дней ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

7 дней ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)

2 недели ago

Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.