Categories: Новости

Басты мақсат- қазақ тілін дамыту

Ауданымыздың «Тілдерді оқыту орталығында» тіл саясатын іске асыру жөнінде дөңгелек үстел өтті

Науырзым ауданының «Тілдерді дамыту орталығы» мекемесінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданымызда орындалуы туралы кездесу орын алған болатын. Жиынға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, «Тілдарын» орталығы, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының мамандары қатысты. Жалпы қозғалған мәселелер қазақ тілінің қолданысын күшейту, «қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», оны халыққа үйрету. Осы тұрғыда ауданымыздағы тілдерді оқыту орталығы осы латын әліпбиіне көшу жөнінде мекемелерді, қоғамдық орындарды аралап, аудан тұрғындарына латын әліпбиі жөнінде мағлұмат беруде. Сондай-ақ мекемелердегі хатшылар мен кітапхана жұмыскерлеріне қазақ тілінде сұхбаттасу жөнінде курыстар өткізіп жатқанын білеміз.Тек қазақ тілі ғана емес, сондай-ақ шет тілдерді үйретуден де курстар жүргізіледі. Қысқа мерзімді курс жөнінде әлеуметтік желілерден хабарландыруды көріп кез келген тіл үйренем деуші жан келуге мүмкіндігі бар.

Осы қызметтер облыстар және аудандар бойынша таралуда. Тіл үйренем дейтін басқа ұлт өкілдері де өз өтінішін білдіре алады. Негізгі қазақ тілін ауыз екі сөйлеуде еркін қолдану үшін және латын әліпбиін тез әрі жеңіл үйрену үшін «Тілдерді оқыту орталықтары» белсенді ат салысуда. Ауданымызға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшыларының келу мақсаты да осыда. Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы – Гүлжан Ермашқызы, тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы – Бахытгүл Зарлыққызы және де «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы – Жұлдызай Қабділмәжитқызы осы тақырып төңірегінде сөз қозғап, ауданның тіл үйрену деңгейі, осыған бойланысты қарастырылатын іс шаралар жөнінде айта кеткен болатын.

Тілді дамыту мақсатында 48 сағаттық қысқа мерзімдік курыстар жұмыс жасап, әлеуметтік желілерде (инстаграм,фейзбук, ютуб) өтіліп жатқан сабақтардың видеосы жүктеліп отырады. Сонымен қатар СөйлеTime клубы жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сойдай- ақ ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Бұл – біз мақтанышпен айта алатын ана тіліміздің орасан зор мерейі.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін әрқашан биікте ұстап, басқа да тілдердің дамуына қолдау көрсету қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда өз қызметін абыройлы атқарып келетін Науырзым ауданының тілдерді дамыту орталығының алдағы атқарар оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, бағындырар белестері биік екендігіне кәміл сенімдіміз!

Айгүл САБИТБЕКОВА

Редактор

Recent Posts

Науырзым ауданында “Кітап – дәуір айнасы” атты ашық есік күні өтті

23 сәуірде Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні кең көлемде атап…

2 дня ago

Наурзумский государственный природный заповедник в этом году отмечает 95-летие

На территории Казахстана есть множество мест, которые являются достоянием нашей республики, но особняком среди них…

1 неделя ago

В Раздольной общеобразовательной школе Наурзумского района работают десять молодых специалистов, выбравших село

Нехватка учителей в настоящее время в Наурзумском районе является одной из самых актуальных и острых…

1 неделя ago

В Наурзумском районе состоялся областной педагогический форум, приуроченный к 185-летию просветителя Ибрая Алтынсарина

В масштабном для района мероприятии приняли участие педагоги со всех городов и районов Костанайской области,…

1 неделя ago

В Наурзумском районе стартовала акция по санитарной очистке территорий в рамках программы «Таза Казахстан»

С первыми тёплыми днями весны в каждом селе начинается важная и добрая традиция — наведение…

2 недели ago

В с. Мереке Наурзумского района талые воды подтопили задние дворы двух домов

Пострадали стройматериалы, которые находились на этой территории. Угрозы подтопления самих жилых домов нет. Об этом…

2 недели ago

This website uses cookies.