Волейболдан тартысты жарыс өтті

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Қазіргі таңда спортты дамыту жастардың қолында, жас буын спорттық жарыстарға қатынаса жүріп, аға буын майталман спортшыларға қарап бой түзейді. Еңбексіз еш нәтижеге қол жеткізуге болмайтынын түсінеді. Ұйымшылдық, ынтымақтастық, темірдей тәртіп, кішіпейілділік,үлкенге құрмет, кішіге көмек қолын созу, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Спорттық жаттығулардың қиындығына төселе келе, өзіне деген сенімділік пайда болады, қарсыласын сыйлауды, жеңілісті мойындай білуді, жеңіске масаттанбауды үйренеді. Спорт жастарды төзімділікке, батылдыққа,ептілікке тәрбиелейді.

Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Ауданымызда жастар үшін түрлі іс шаралар өтілуде, бұның бәрі саналы ұрпақ үшін. Спорттық шараларға келгенде аудан жастары өте белсенді десек болады. Аудан ішінде де, облыстық жарыстарда да өз шеберліктерін танытып, жүлделі жетістіктерге жетуде.

Ауданымызда тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Түркебай» мешіті жастар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырған болатын. Жарысқа жалпы 6 команда, олардың ішінде Өлеңді, Раздольный, Шолақсай ауылдарының командалары қатысты. Ойын тартысты өтіп, барлық команда ойында өз шеберліктерін танытты.

Жарыс қортындысында жалпы есеп бойынша 1-орынға ие болған «Қайрат» командасы, 2-орын Жамбыл мектебі, және де 3-орынды Өлеңді ауылы иеленді.

Сондай-ақ бүгінгі жарыстағы үздік ойыншылар- Карим Нурбек, Қасымов Қайролла және Қардыбай Жангелді марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық пен мақтау грамоталары табысталды.

Айгүл САБИТБЕКОВА

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.