Соңғы қоңыраудың сыңғыры

«Биыл соңғы қоңырау онлайн соғыла ма?» деген сауал көпшілікті алаңдатқаны рас

Міне, бүгін 9 және 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Түлектерге соңғы қоңырау сыңғырын есту бақыты бұйырды.

Бүгін ауданымыздың барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Алайда, елдегі індет жағдайына байланысты түлектерді шығарып салу салтанаты бұрынғыша көл-көсір өтіп жатқан жоқ. Елімізде биыл қатарынан екінші жыл пандемия жағдайында ұйымдастырылуда.

Жыл бойы қашықтан білім алған түлектер үшін соңғы қоңырау салтанатының да белгілі талаптарды сақтай отырып өткізілуі көңілге қаяу салғаны рас. Бірақ, салтанатты рәсімді өткізу форматы туралы шешімді әр мектеп өзі қабылдайтындықтан, шараны мерекелік көңіл-күйде қызықты ұйымдастыру мұғалімдердің еншісіне берілді.

Түлектер үшінші тоқсаннан бастап, негізінен, дәстүрлі форматта оқығаны белгілі. Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11-сынып оқушыларына санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат берілді. Салтанатты шара барысында жыл бойы спорттық шараларға, мәдени іс шараларға жәнеде республикалық, облыстық, аудандық олимпиадаларға белсенді түрде қатысқан оқушыларға мадақтамалар табысталды.

Айта кеткен жөн, биыл ауданымызда жалпы 11-сынып түлектері 91 оқушы аяқтады. Ауданымызда «Алтын белгігі» үміткерлері бар олар Жамбыл жалпы білім беретін мектебі және Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің оқушылары. Биылғы жылы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінен 36 түлек алтын ұяларымен қоштасты

Мектеп өмірімен қоштасып, ерекше күйде жүрген түлектерді алда әлі басты сынақ күтіп тұр. Ол яғни, ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып, табысты тұлға болу. Талапкерлер үшін тестілеу аяқталғанға дейін жауаптарын өзгертіп, алдыңғы сұрақтарға оралу мүмкіндігі бар. Егер, бұрын тестіленушілер жауап парақтарын бояуға көп уақыт жұмсаса, қазір олай емес. Электрондық форматтың арқасында өз нәтижелерін ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден біле алады. Ең бастысы – енді түлектер екі мәрте бақтарын сынай алады.

Бұл оқу жылы бүкіл әлемдегі оқушылар мен студенттер үшін оңай болған жоқ. Әлемдік білім беру жүйесі пандемия сынды үлкен сынақтан өтті. Мектеп ұжымы білім беру жүйесіне жаңа дем беріп, оларға барынша қажетті жағдай жасауға тырысты. Түлектер оқу жылын аяқтап жатыр. Кейбір оқушылар жоғары оқу орындарына немесе колледждерге түссе, енді біреулері жұмыс істейді. Қалай болса да, алдағы уақытта сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестері күтіп тұр.

– Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік. Қадам басып отырған жаңа өмір жолында сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын. Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін,-деп мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің директоры Роллан Нұрбаев.

Сонымен, биыл мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау сыңғырын есту бақыты бұйырды. Қиындыққа толы оқу жылы тәмам. Келесі оқу жылында бұл індеттің ауылы алыстарына сенейік.

Жібек МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

В Наурзумском районе прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс художественной самодеятельности «Өнеріміз саған Қазақстан!»

Мероприятие, приуроченное к 90-летию образования Костанайской области, состоялось в актовом зале Докучаевской общеобразовательной школы. (далее…)

10 часов ago

Супруги Мырзасарины из Наурзумского района за 13 лет совместной жизни выстроили настоящую крепость семейного счастья

На казахстанской земле на протяжении многих десятилетий мирно сосуществуют представители более 130 национальностей. Они строят…

2 недели ago

Науырзымдық жас былғары қолғап шеберлері сынға түскен дүбірлі дода

Ауданымызда аудан әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде. (далее…)

2 недели ago

Наурзумский государственный природный заповедник в этом году отмечает 95-летие

На территории Казахстана есть множество мест, которые являются достоянием нашей республики, но особняком среди них…

2 недели ago

Заведующая детской библиотекой Наурзумского района Светлана Каирбекова убеждена, что будущее нашей страны – за книгой

23 апреля в Казахстане впервые официально отмечается важный культурный праздник - Национальный день книги. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.