Аттестат табысталды

Маусым айының 14 күні ауданымыздағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің түлектеріне мектепті аяқтағаны жөнінде аттестат табысталды

Салтанатты жиынға аудан әкімі Қайрат Әбішев, мектеп директоры, ұстаздар және ата-аналар қатысты.

Жалпы Жамбыл орта мектебі бойынша үздік оқыған екі түлек Амантай Меруерт және Сабыржан Жания «Алтын белгіге» сондай-ақ, үш түлек ерекше үлгілі аттестатқа үміткер болса, түлектердің барлығы да өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздарының еңбегін, аялап өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шықты. Бұл мектеп бітірушілер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Биылғы жылы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп олар мектептерінің білім саласындағы беделін арттыруына өзіндік үлестерін қосты.

Бүгінгі жиынды бірінші болып мектеп директоры Роллан Қанатұлы түлектерге деген жылы лебізімен бастаған болатын.

-Қайырлы күн құрметті түлектер! Құрметті ата-аналар, ұстаздар және шақырылған қонақтар! Баршаңызды бүгінгі аттестат табыстау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойы білім жолындағы атқарған еңбектерінің жемісі деп білеміз. Құрметті түлектер, бүгін сіздер орта мектепті тәмамдап арман жетегінде үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар. 11 жыл бойы мектепте оқып, ата-ана мен ұстаздардың қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер ауданымыздың ғана емес, еліміздің мақтанышы болыңдар. Болашағына ел жұрт үміт күтер азамат болыңдар!-дейді мектеп директоры Роллан Қанатұлы.

Бітіруші түлектерге аудан әкімі Қайрат Әбішев және мектеп директоры Роллан Қанатұлы салтанатты түрде аттестаттарын табыстап, жылы лебіздерін білдіріп, болашаққа сәт сапар тіледі.

-Құрметті түлектер! Бүгінгі білім жолындағы еңбектеріңнің жемісі аттестат алу салтанатты мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Болашаққа қадамды анық басып, қалаған мамандық иесі болыңдар. Келешекте жоғарғы білімді жақсы азамат, білікті маман болып, ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Үлкен өмір жолдарында басар қадамдарың сәтті болсын. Барлықтарыңа ақ жол тілеймін!-деп аудан әкімі Қайрат Әбішев түлектерге өз лебізін жолдады.

Жиын барысында бітіруші түлектердің 11 жыл білімге жетелеген сынып жетекшілері және ата-аналар арасынан сөз сөйлеп, мектеп пен ұжымға алғыстарын айтып, мектеп бітірушілерге өз тілектерін айтты. Сондай-ақ түлектер үшін ән шашау мен керемет би де арналды.

Салтанатты жиынды мектеп бітіруші түлектер ұстаздары мен аяулы мектебіне арналған әндерін шырқап, соңғы алғыс сөздерін айтып, тебірентер сәтте толқып көздеріне жас алып қоштасумен аяқтады.

Жас түлектерге сәт сапар тілейміз! Алдағы өмір жолындағы маңызды қадамдар мен таңдаудан қателеспей дұрыс жол тауып, білікті де, білімді азамат пен азаматша болуларына тілектеспіз!

Айгүл САБИТБЕКОВА

Редактор

Recent Posts

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

21 час ago

Науырзымдық қос оқушы ауыл жастарына арналған «IQanat» грантының иегері атанды

Ауданымыздағы екі білім ордасы – Жамбыл жалпы білім беретін мектебі мен Докучаев жалпы білім беретін…

3 дня ago

Науырзымдық ұстаз жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды

Ұрпақ тәрбиесі мен ұлт саулығына саналы ғұмырын арнаған қастерлі де жауапты мамандық иелері – педагогтер…

3 дня ago

Науырзым ауданында «Жасыл ел» жасағы дәстүрлі түрде жүзеге асуда

Ауданымызда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы маусым айының басында өз жұмысын бастады. (далее…)

3 дня ago

Науырзым ауданы: Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)

4 дня ago

Науырзымдық ақ халатты абзал жандар ұлықталды

Адам жанының арашасы болып, денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға…

5 дней ago

This website uses cookies.