Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі.

Ауласының ажарын ашып, айналасын көркейтуге үлес қосқан Науырзым ауданының тұрғыны Вера Романчук облыстық «Үздік аула» байқауында жеңімпаз атанды.

Байқауды «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Игі бастаманың мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, байқау әрбір азаматты өз ауласын таза ұстап, туған өлкесінің көркеюіне үлес қосуға үндейді.

Вера Романчуктың жеңісі – тазалық пен көріктілікке бағытталған еңбектің жемісі. Үлгілі аула қалыптастыру арқылы ол айналасына өнеге көрсетіп, ортақ мекеннің сәнін арттыруға атсалысып келеді.

– Бұл жеңіс мен үшін үлкен қуаныш әрі еңбегіме берілген баға деп білемін. Аула тазалығы мен көркі әр адамның өз үйіне, туған жеріне деген жанашырлығынан басталады. Өз ауламызды таза ұстап, айналамызды көркейту арқылы ауылымыздың ажарын ашуға үлес қосамыз. Осындай игі бастамаларды қолдап, экологиялық мәдениетті насихаттап жүрген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Барша тұрғындарды тазалықты сақтап, туған өлкемізді бірге көркейтуге шақырамын, – дейді Вера Романчук.

Мұндай байқаулар тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңызын насихаттайды. Өйткені таза әрі көрікті орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Науырзымдық жеңімпазды жетістігімен құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тілейміз!

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
СУРЕТТІ КЕЙІПКЕР ҰСЫНДЫ

admin

Recent Posts

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

2 дня ago

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.