Науырзымдық жас өрендер жүлдемен оралды

5-ші Наурыз күні Қостанай қаласында, «Армандастар» атты театр шығармашылығының дәстүрге айналған облыстық фестиваль байқауы өткізілді.

Бұл Фестиваль-байқауға аудандық және қалалық турдың жеңімпаздары – жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру мекемелерінің 20-ға жуық театрлық ұжымдары қатысты. Байқау «Драмалық қойылым»; «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі» сынды номинациялар бойынша өткізілді. Жарқын шығармашылық мереке облысымыздың түкпір-түкпірінен балалар мен жасөспірімдерді жинап, олар өз өнерлерін облыстық қуыршақтар театрының сахнасында паш етті!

Осы аталған байқауға ауданымыздың Балалар шығармашылығы үйінің «Театр»үйірмесінің оқушылары қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болды. Балалар «Драмалық қойылым» номинациясы бойынша Шыңғыс Айтматовтың «Найман ана» шығармасынан үзінді қойды. Шыңғыс Айтматовтың бұл туындысы бүкіл түркі тілдес халықтардың мақтанышына айналған. Жазушының «Найман ана» шығармасында адамзат үшін ең ауыр қасірет мәңгүрттік бейнелеген. Есінен айырылған, ақылсыз мәңгүрт қайдан шыққанын, өзінің кім екенін білмейді. Ол өз қожайынының сөзінен басқа ешкімді де тыңдамайды. Бұл шығармада Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады. Найман ана – осы шығарманың бас кейіпкері.

“Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада” демекші, өз баласын іздеуге шығып, мәңгүрт болған ұлын құтқаруға барын салған Найман ананың көрмегені қалмайды. Найман ана өз ұлын тауып, үйіне қайтарғысы келгенімен, ол кепеш күйін кешіп, анасын танымағандықтан өз еліне бармайды. Тіпті сол мәңгүрт қожайындарының жалған сөзіне еріп, өз анасын өлтіреді. Анасының өз баласының қолынан қаза табуы – қайғылы, мұңды, жан тебірентерлік жағдай…

—Осы көріністі көрермендер мен әділқазы алқаларының жүректеріне жеткізе білген балалар мен, оларды дайындаған «Театр» үйірмесінің жетекшісі, өз ісінің маманы , Стамкулова Гүлайым Бейсенбекқызының тынымсыз еңбегінің жемісі. Бұл қойылымда басты кейіпкер Найман ананың рөлін Балтабай Назым сомадаса, баласының рөлін Туртаев Рахат сомдады. Қарақшы жауыз рөлдерін сомдаған: Кәкім Мадина, Балтабай Айсана, Туртаева Гүлбарам, Балтабай Ақнұр, Карабатыр Асия. Балалардың кейіпкерлерін сезіне білуі, шынайы әрі терең эмоционалды ойыны, қойылымның атмосфералық музыкалық сүйемелдеуі, осының бәрі көрермендерді баулап алып, ұмытылмас әсер қалдырды. Сонымен қатар қойылымда мәңгүрт баланың анасының рөлін сомдаған Балтабай Назым барлық қатысушылардың ішінен ерекше көзге түсіп, «Ең үздік әйел рөлі» атты номинациясын жеңіп алды. Бұл оқушының актерлік шеберлігінің жоғары деңгейін білдіретін, керемет нәтиже. Байқау қорытындысы бойынша Гулаим Бейсенбекқызы облыстық білім басқармасының жеңімпаз қатысушыларды дайындағаны Алғыс Хатымен мараптталса , балалар 1-ші орын иеленгені үшін білім басқармасының мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Осындай жеңіспен оралған жас актерлеріміз бен Гулаим Бейсенбекқызын шын жүректен құттықтай отыра, театр сахнасында одан әрі табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!- дейді балалар шығармашылығы үйінің
директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Диана Балтабай

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер

Редактор

Recent Posts

Житель села Шили Наурзумского района стал лауреатом областного конкурса «Патриот-2026»

В преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан подведены итоги республиканского конкурса «Патриот-2026», направленного на укрепление…

4 дня ago

Науырзым ауданында көк байрақ желбіреген күн

Наурызым ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті. Аудан…

5 дней ago

О технике в лизинг, новом общежитии для работников и проблеме с сайгой: какие вопросы решает наурзумское КХ «Кошкодан С.И.» в нынешнюю посевную

У Сергея Кошкодана, руководителя одного из крупнейших предприятий Наурзумского района КХ «Кошкодан С.И.», за плечами…

7 дней ago

Науырзымдық бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған күн

Ауданымызда мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін, қасымда болсын анам»…

7 дней ago

Важной частью жизни Буревестнинской ООШ Наурзумского района являются мероприятия ко всем значимым событиям

В Буревестнинской общеобразовательной школе стало доброй традицией к окончанию учебного года проводить итоговые праздничные концерты. Школьники подошли…

7 дней ago

В Наурзумском районе в посевной кампании приняли участие 125 хозяйств

Несмотря на определённые трудности, сельхозтоваропроизводители района работают в плановом режиме, демонстрируя высокую организованность и стремление…

1 неделя ago

This website uses cookies.