Науырзымдық көп балалы ана “Күміс алқа” иегері атанды

Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақловтың қатысуымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған«Әлемнің жарығы» атты мерекелік жиын өтті.

Осы айтулы мерекеде аймақ басшысы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерін наградтады. Аталған марапат иелері қатарында Науырзым ауданының тұрғыны, көп балалы ана Жеңіскүл  Бермағанбетовада бар. Облыс әкімі жерлесімізді «Күміс алқа» медальмен наградтады. Мереке күні облыс әкімі күміс алқа иелерін құттықтап, олардың еңбегін жоғары бағалады.

Күміс алқа – көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік награда, олар өздерінің балаларына тәрбие беріп, қоғамға пайдалы еңбек етуде айтарлықтай үлес қосады.
Жеңіскүл жолдасы Әзімбекпен қазіргі таңда 6 бала тәрбилеп отырған жандар. Ат ұстар 4 ұл мен кесте тігер 2 ханшайым өсіріп жеткізуде. Үлен балалары студент болып Қостанай қаласында оқиды, ең кенжесі 3 жаста балабақшаға барады. Жолдасы жеке кәсіпкерде күзетші болып ұызмет атқарса, Жеңіскүл қазіргі таңда бала тәрбиесімен үйде отырған ана.
– 8 наурыз қарсаңында облыс әкімінің қолынан көп балалы ана ретінде “Күміс алқа” медалін алып, қуанып қалдым десем болады. Мемлекеттің бізге жасап жатқан әр бір көмегіне ризамыз. Шүкір, балаларым қазір бой жетіп студент болып жүр, балаларым сабақтарын жақсы оқиды, – дейді көп балалы ана.
Ананың жұдырықтай жүрегінің әрбір лүпілі тек перзент деп соғады. Ұрпақтың өсіп-өнгенін, өмірдің жалғасқанын қалайды. Ана жүрегі сонысымен де құдіретті. Ауданымызда жылдан жылға көп балалы аналар қатарыда артып келеді. Яғни, ауданымыздың демографиясы өсіп келеді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

1 неделя ago

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

1 неделя ago

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

3 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

4 недели ago

This website uses cookies.