Науырзым ауданында облыстық «Балалар – біздің болашағымыз» атты арт-терапия семинары өтті

Өлеңді ауылының «Балдаурен» бөбекжайында «Балалар – біздің болашағымыз» атты облыстық семинар өтті.

Оған ауданның «Қызғалдақ», «Балдырған», «Балапан» бөбекжайларының педагогтары қатысты. Жиналғандар арт-терапиясы әдісі қолданылған шығармашылық «Ғажайып көбелектер» әрекетін тамашалады. «Балдаурен» бөбекжайының өнерлі балаларының музыкалық қойылымындағы орындалған әндері мен керемет билері бойларындағы таланттарымен  катысушыларды  жақсы әсерге бөледі. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – арт-терапиясы әдісінің тиімділігін дәлелдеп, балалардың қызығушылықтарын көрсету. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Валиева ашып, оның маңыздылығын түсіндірді.

–Қазіргі уакытта арт-терапия психотерапияның маңызды салаларының бірі ретінде жақсы дамып келеді. Науырзым ауданының педагогтері де осы тәсілді қолданып, оның балаларға ұнайтынын айтып жатыр. Бүгінгі семинарда тәжірибемен бөлісіп, жан-жақты дамуға жол ашып жатырмыз, – деді ол.

Мамандардың айтуына қарағанда, арт-терапия «өнермен емдеу» деген мағынаны білдіреді екен. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет аркылы көрсете алады. Оны ғылымға енгізген Адриан Хил болды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы арт-терапия әдісін көбіне балабақша педагогтары жиі қолданады. Қуыршақ, музыка, құм, драма, ойын, маска, қозғалмалы би терапиялары мен қатар фототерапиясын да жұмыс барысында жүзеге асырады. Осы терапияларының қай түрі болса да олардың басты міндеті – мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал тигізетіні сөзсіз, баланың қиялын, ойлау орамдығын дамытатын, фантазиясын іске асыруға апаратын жолдың бірі.

– Балаларды тәрбиелеу барысында осы тәсілді қолданып келеміз. Балаларға ойын, музыка, би терпиясы өте қатты ұнайды. Ойнап жүріп ойлауға дағдыланады. Балалар өте сезімтал ғой. Олардың психикасына әсер ету үшін осындай әдіс, тәсілдермен жұмыс істеген тимді, – дейді «Қызғалдақ» бөбекжайының әдіскері Б.Хасенова.

«Балдаурен» бөбекжайының меңгерушісі А.Досмағамбетова тақырыпқа сай таныстырылым ұсынып, әдістемелік кеңесін де берді. Әдіскер К.Жаркенова семинар қатысушыларына арнап үйлесімді қимылды тренинг ұйымдастырды.  Семинарды әдіскер Валиева рефлексия әдісімен қорытындылады.

Ай Әбділда

Редактор

Recent Posts

“Науырзым Аруы” атағын Айгүл Исабаева жеңіп алды

Науырзым ауданында қазақ аруларына арналған аудандық байқау өтті. (далее…)

3 дня ago

Науырзымдық аруларға құрмет көрсетілді

Ауданымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. (далее…)

3 дня ago

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

6 дней ago

В Наурзумской районной детской библиотеке состоялся XIII районный конкурс чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово»

Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…

6 дней ago

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

2 недели ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.