Науырзымдық жүз домбырашының ішіндегі ең үлкені – 61 жаста болса, ең жасы – 8 жасар

Өнерпаздар орталық алаңды күймен күмбірлетті. Бұл игі шараны  облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып, облыс бойынша домбырашылардың «Күйлер шеруі»  акциясын  бастап кетті. Акцияға Науырзым ауданы да үлес қосып, орталық алаңға 100 домбырашы қаз-қатар тізіле отырып, күй төгілтті. Жалпы бұл күн мерекеге айналып, ән шырқалып, шашу шашылды.

Біздің заманымызға қазақ халқының ән-күйлері, жыр дастандары осы киелі домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қойған.   Жүз домбырашы бір мезетте 8 күйді орындады. Олардың қатарында халық күйі “Жастар биі”, “Келіншек”, “Кеңес”, “Салкүрең”, “Тепең көк”, Б.Әбеновтың “Желдірме”, А.Байтұрсынұлының “Арман”, Ә.Желдібаевтың “Ерке, сылқымы” орындалды. Аталған іс шараға ауданның мұғалімдері, “Науырзым” мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері, мектеп оқушылары, балалар шығармашылық үйінің балалары  және де аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты.

Орталық алаңда киіз құрылып, кимешек киген әжелер мен әсем киінген жас қыздарымыз шашу шашып, келген қонақтарға бауырсақ үлестірілді, бал қымыздан дәм таттырды. Бұл күн той болды десе де болатындай. Аталмыш мерекемен аудан әкімінің орынбасары Елдар Ысқақов құттықтады. Ән шырқалып, би билеп, халықтың көңілі көтерілді.

Орындалған күйдің бірі алаш арысының жұрт біле бермейтін, кең таралмаған музыкалық мұрасы еді. Солардың бірі – “Арман” атты күйі. Бұл туынды Ахмет Байтұрсынұлы ақталған соң, яғни өткен ғасырдың 90 жылдарынан кейін ғана насихаттала бастады. Күйшілік өнерден де қаражаяу болмаған ұлы қайраткер бұл туындыны туған жеріне соңғы рет келгенде шығарған көрінеді. Ол, шамамен, 1927-1928 жылдар болса керек. Ұлт ұстазы қолы жетпеген армандарын, орындалмаған мұрат-тілегі мен көкейдегі мұң-шерін қос ішекке көшірген секілді. Ахмет Байтұрсынұлының «Арманы» да бүгінгі мерекеде төгілді.

Жалпы осы іс-шара қолға алынғаннан бері домыбар үйренемін деп келіп, қызығушылық танытып, күй ойнауды үйреніп алған жастар да аз болмапты. Бұл дегеніміз мақсаттың орындалғаны. Абац атамыз: «Өнерді үйрен де, жирен» деген. Домбыраның қасиетін ұғынып, жанына өнерді серік етсе Ұлттық домбыра мерекесін әзірлеген қаншама жанның еңбегінің ақталғаны. Осы күнге дайындыққа орай бюджеттен 1 млн теңге қаражат бөлініп, ол ақшаға 22 домбыра сатып алыныпты.

– Наурыз  айынан  бастап дайындық  жұмыстары  басталып  кетті. Тізімді  құрастырғаннан  кейін  дайындық  кестесі  жасалып.  Дайындық жұмыстары  басталып  кетті.   Ең басында  домбыра  аспабының аз  болуына  байланысты  бөлек-бөлек екі мезгіл, үш мезгіл дайындықтар өтті. Бірінші күннен бастап белсенді түрде Докучаев орта мектебінің, балалар шығармашылық үйінің оқушылары мен мұғалімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдерінің,  аудан әкімдігінің,   Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының,  аудандық  аурухананың  қызметкерлері дайындыққа қатысты.  Бір  айдан  кейін  келіп  жүрген  қатысушылардың,  жалпы  басқа  да  ауылдың  адамдарының домбыра үйренуге деген қызығушылықтары жоғарлады.  Дайындық  кезінде  балалардың  есте  сақтау  қабілеті  жақсы,  бірі  шығармадан  көрі  осындай  күйлерді  ұнатады екен. Жетекшілері  Төлеби Молдакәрім, Арай Ерсары, Сәулет Мырзатаев. Акцияға  қатысқан ең  жас домбырашының  жасы  8-де,  ең  үлкен  кісі  61 жаста болды. Бюджеттен  бөлінген  1 млн теңгеге  22 домбыра  сатып  алынды, – дейді мәдениет үйінің қызметкері Гүлнар Ақсауытова.

Ай ӘБДІЛДА

Редактор

Recent Posts

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

21 час ago

Науырзымдық қос оқушы ауыл жастарына арналған «IQanat» грантының иегері атанды

Ауданымыздағы екі білім ордасы – Жамбыл жалпы білім беретін мектебі мен Докучаев жалпы білім беретін…

3 дня ago

Науырзымдық ұстаз жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды

Ұрпақ тәрбиесі мен ұлт саулығына саналы ғұмырын арнаған қастерлі де жауапты мамандық иелері – педагогтер…

3 дня ago

Науырзым ауданында «Жасыл ел» жасағы дәстүрлі түрде жүзеге асуда

Ауданымызда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы маусым айының басында өз жұмысын бастады. (далее…)

3 дня ago

Науырзым ауданы: Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)

4 дня ago

Науырзымдық ақ халатты абзал жандар ұлықталды

Адам жанының арашасы болып, денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға…

5 дней ago

This website uses cookies.