Науырзым ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасын тауып, киелі жерлер қоқыстан тазартылды

Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында барлық  мәдени-тарихи  орындарында, оның ішінде киелі жерлердің маңында санитарлық-тазалық  жұмыстар жүргізіліп тұрады. Ауданның мәдениет қызметкерлері ауыл жастарымен  бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығының  алғашқы  күндерінде  киелі мекендердің аумағын тазартып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді, ағаш  көшеттерін отырғызды.

-Осы  мақсатпен  Қоянақ әулие Жолшарақызыңы  кесенесіне  Докучаев, Шолақсай, Шилі жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері барып, тазалап шықты. Олар экологиялық акцияғы үлес қосумен қатар киелі жердердің қасиетін   насихаттап, мән-мағынасын да түсіндірді. Жалпы тек акция аясында ғана емес аудан  көлеміндегі көркейту-көгалдандыру  және  санитарлық-тазалық  сенбіліктері  барлық  елді  мекендерінде  көктемнің  алғашқы  күнінен  бастау  алып,  тұрақты  түрде  жүргізіліп  тұрады, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлнар Аксаутова.

Қостанай облысының жергілікті маңызы бар киелі объектілерінің тізбесінде Науырзым  ауданынан 4 нысан енгізілген.  Олар:  Түркебай әулие Ақанұлының жерленген жері, Мәтен Баяндыұлы батырдың жерленген жері, Үмбетей батыр Бәйсейітұлы мен  Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенелері. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық сипатқа ие рухани жәдігерлерді топтастырады.

2017 жылдан бастап осы киелі жерлер туралы аудан тұрғындарымен,  оқушылармен,  ауыл  жастарымен кездесіп «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасының маңыздылығы түсіндіріліп, Науырзым ауданының киелі жерлерін жас ұрпаққа, жастарға таныстыру және мәдени-танымдық жұмыс жүргізу мақсатында экскурсия ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп  тұрады. Аталған ауқымды жобаның арқасында назардан тыс қалған, тарихымыздан, мәдениетімізден  алар орны бар жерлер қалың көпшілікке танылып келеді.

Ай ӘБДІЛДА

Редактор

Recent Posts

В Наурзумском районе отметили День социального работника

Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдық батыр аналарға құрмет көрсетілді

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)

1 неделя ago

В селе Караменды Наурзумского района усиливают меры по обеспечению общественной безопасности

Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)

1 неделя ago

Лидеры школьного парламента Докучаевской ООШ Наурзумского района приняли участие в областном форуме

20 октября 2026 года на базе Заречной общеобразовательной школы Костанайского района состоялся областной форум лидеров…

1 неделя ago

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

3 недели ago

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

3 недели ago

This website uses cookies.