Дәмді ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кең көлемде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлттық мерекеге ауыл тұрғындары ерекше дайындықпен, көтеріңкі көңіл күймен жиналып, ата-баба дәстүрін дәріптеген тағылымды шараның куәсі болды.
Мерекелік шара барысында ауыл іші ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үй тігілді. Ән мен күй әуелеп, өнерпаздар халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық киім киген ауыл жастары мен үлкендері мерекенің сәнін кіргізіп, Наурыздың шынайы келбетін көрсетті. Наурыз мейрамы аясында түрлі спорттық және ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасында еркін күрестен екі салмақ дәрежесі бойынша тартысты белдесулер өтіп, үздік балуандар анықталды. Сонымен қатар, көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған бағанға міну сайысы да ұйымдастырылды. Тартысты өткен додада өз ептілігі мен мықтылығын көрсеткен Жансұлтан Рахметов жеңіске жетті. Ауыл орталығында тігілген киіз үйде тұрғындарға ыстық наурыз көже ұсынылып, ақ жаулықты аналар мен ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын жалғаған, береке мен бірлікті айшықтаған ерекше сәттердің бірі болды.
Мерекелік шара барысында арқан тартыс пен әйелдер арасында қол күрес жарыстары да ұйымдастырылып, қатысушылар өз күштері мен ептіліктерін сынады. Тартысты өткен сайыстар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мерекенің шарықтау шегі – ат жарысы болды. Тай бәйгеге 6 тұлпар қатысып, жүйріктер жарысында көрермендер ерекше әсерге бөленді. Шабандоздар шеберліктерін көрсетіп, нағыз тартысты дода ұйымдастырды.
– Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесін ауылымызда жоғары деңгейде атап өту – барша ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл шара – тек мереке ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, бірлік пен татулықты нығайтатын маңызды күн. Ауыл азаматтары мен шаруа қожалықтарының қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық. Әсіресе, 1985 жылғы азаматтардың ұйымшылдығы көпке үлгі болды. Осындай ауызбіршіліктің арқасында мереке мазмұнды әрі әсерлі өтті. Алдағы уақытта да ауылымызда осындай игі бастамалар жалғасын тауып, жастарға тағылымды тәрбие беретін шаралар көбейе береді деп сенемін, дейді ауыл әкімі Жасұлан Исмагулов.
Дәмді ауылында өткен әз Наурыз мерекесі көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды…
Ұлттық рухты ұлықтаған Наурыз. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
В столице нашей республики Астане состоялось торжественное мероприятие, приуроченное Международному женскому дню, на котором чествовали женщин, внесших достойный…
Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)
Кейуанаға иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетілді. (далее…)
This website uses cookies.