Ұлттық рухты ұлықтаған Наурыз.
Докучаев жалпы білім беретін мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Жылдағы дәстүрге сай ұйымдастырылған шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар белсене қатысты.
Мерекелік кеш барысында оқушылар бес ауылға бөлініп, әрқайсысы қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын ерекше бағдарламаларын ұсынды. Келген қонақтарды ұлттық нақышта қарсы алған жас өнерпаздар ән айтып, би билеп, түрлі көріністер арқылы ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғыртты. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ата-аналардың қосқан үлесі зор болды. Олар ұлттық тағамдар дайындап, балаларға қолдау көрсетіп, мерекенің мазмұнды әрі әсерлі өтуіне атсалысты. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл мереке оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрге деген құрметін нығайтты.
— Наурыз – халқымыздың рухани жаңғыруының, бірлік пен берекенің мерекесі. Бүгінгі ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді кеңінен таныту. Оқушылардың бес ауылға бөлініп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсетуі – олардың шығармашылығы мен ұйымшылдығын айқын дәлелдеді. Бұл мерекенің жоғары деңгейде өтуіне ата-аналардың қолдауы ерекше болды. Осындай бірлескен жұмыстар арқылы біз жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіре аламыз деп сенемін,- дейді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азиля Омарова.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)
Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)
20 октября 2026 года на базе Заречной общеобразовательной школы Костанайского района состоялся областной форум лидеров…
Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)
В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…
This website uses cookies.