«Қазақ тілінің шұбарлануына кім кінәлі? Қоғам, отбасы, мектеп» атты айтуға оңай ток-шоуы

Қазан айының екінші жұлдызында Жамбыл орта мектебінің акт залында қазақ тілі апталығына арналған «Қазақ тілінің шұбарлануына кім кінәлі? Қоғам, отбасы, мектеп» атты айтуға оңай ток-шоуы негізінде ұйымдастырылған іс-шара өтілді.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты ұлтшыл емес, ұлттық сана – сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту болды.

«Қазақ тілінің шұбарлануына кім кінәлі? Қоғам,отбасы, мектеп » атты іс-шараға қатысушы ретінде аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ермагамбетова Мадина Қуанышбаевна, «Науырзым тынысы» газетінің бас редакторы Нұрсейітова Жібек Мырзағалиқызы, «Жастар» ресурстық орталығының директоры Жұман Сүлеймен Жұмабайұлы, Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жанақова Қарлығаш Генадийқызы, Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндері олимпиадасының Республика деңгейіндегі үш мәрте жеңімпазы 11 «а» сынып оқушысы Сабыржан Жаңыл және шоуды жүргізуші Жамбыл орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Ағтаев Бекзат қатысты.

Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы, отбасы, мектеп қабырғасындағы тіл мәселелері қаралып, сөзге тиек етілді.

Соның ішінде тәуелсіздіктің 27 жылында, тілдің тағдырын шешетін 27 қадам да жасалмағаны жайлы пікірлер айтылды.

Қазақ тілінің ресми тіл-орыс тілінің көлеңкесінде қалып, әлі күнге тілдік мәртебеге жете алмай жүргені жайлы ойлар талқыға түсті.

Әрбір қазақ өз ана тілінің қадірін біліп, мерейін өсірсе нұр үстіне нұр болар еді. Әрбір қазақ үшін қазақ тілі – ананың асыл сөзі, көнеден қалған, туған халқы¬ның аманатқа қалдырған ең қасиетті мұрасы.

Қазақ үшін ана тілі Абайдың ақылы, Мұхтардың қанатты сөзі, Ақанның әні, Құрманғазының күйі болып естіледі.

Өйткені, қазақ халқы бүкіл қасиетін бойына ана тілі арқылы дарытады. Оң-солын, жақсы-жаманды, тіршіліктің ащы-тұщысын туған тілі арқылы таниды. Сондықтан «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деп ата-бабаларымыз болашақ қамын қатты ойлап бекер айтпаса керек.

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл – бәрімізге де қымбатты мұра, бай қазына», – деп сөз зергері Ғабит атамыз айтқандай, көнеден келе жатқан тілімізді одан әрі өрісін кеңейту, өркендету – біздердің, еншімізде. Ендеше, қазақ тілінің күйремеуін тілейтін болсақ, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға өз үлесімізді қосайық.

Тіл мәртебесін көтеріп, әр қазақ бойындағы патриоттық рухты асқақтататын іс-шараларымыз көп болсын.

Жамбыл орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы.

Фотоны ұсынған автор
Бүгінгі ауқымды іс шараға ат салысқан қонақтар

Редактор

Recent Posts

«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан…

5 дней ago

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

3 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

3 недели ago

«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам…

4 недели ago

This website uses cookies.