Ұстаздар күні аталып өтті

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Қазан айының 4-күні Докучаев орта мектебінде ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

Жиынға аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы Карбозов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлсім Есенғалиқызы Әбенова, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Әміров Құрманғалиұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Чайхисламқызы Дускулова, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, ұстаздар қауымы, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеш шымылдығын құттықтау лебізімен аудан басшысы Талғат Карбозов ашып берді:

«Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалім болу – мамандық болса, ұстаздық – ол қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Барлық білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Алдағы уақыттарда да білім саласын дамытуға арналған шаралар жалғасын таба бермек.

Қымбатты ұстаздар! Егемен еліміздің келешегі жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім беру жолында атқарып отырған еңбектеріңіз нәтижелі болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт және шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!».

Кеш барысында, бірқатар ұстаздар қауымы облыс, аудан және Білім басқармасының Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапатталып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Мерекелік кеш соңы, концерттік бағдарламаға ұласты.

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

1 неделя ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

2 недели ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

3 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

3 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.