Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады

«Самрық» шаруа қожалығы қарттарға сый – құрмет көрсетті

Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне ардақты да аяулы қарттарымыздың қосқан үлесі зор.

Қарттар күні – саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі деп білеміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа теңдессіз үлгі-өнеге. 1 қазан қарттар күніне ауданымызда көптеген іс шаралар ұйымдастырылды.

Солардың бірі ауданымыздағы «Самрық» шаруа қожалығының басшылары өздерінің қарамағында 20 жылға жуық жұмыс істеген, қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста отырған қызметкерлеріне құрмет көрсететіні жайлы естіп, шаруа қожалық басшысына хабарласып, бізге аз уақыт бөлуін сұраған едік.

Жалпы шаруа қожалық жөнінде қысқаша тоқталар болсақ, ең алғаш шаруашылықтың құрылуына себепкер болған ағайынды Меркен және Мереке Алдажұмановтар 1998 жылы қолға алып, кейінен осы әулеттің ағайынды ағалы інілеріде осы іске бекем бууып кірісіп, шаруашылықты төрт ағайындылар бірлесе, жұмысты жандандыра түскен.

Ең алғаш істі қолға алған Мерке мен Мереке 2006 жылдары Қостанай, Нұр-сұлтан қалаларына көш аударады, қазіргі таңда шаруашылықты төрт ағайындының бірі Сержан Алдажұманов басқарады.

«Самрық» шаруа қожалығы егін егумен қатар мал шаруашылығымен айналысуда.

Сержан ағайды сөзге тартқанымызда, ол кісінің сөздің емес, нағыз істің адамы екенің байқадық. Осы орайда шаруа қожалықтың бас агрономы Ереке Алдажұмановтан қожалық жайында сұрағанымызда, сөзге жоқ жан екенің байқасақ та, жалпы бүгінгі қарттар күніне арнап жасап жатқан құрметтер жөнінде айтып беруін өтіндік.

– Ауылыңда қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең», «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. «Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу, бүгінгі ұрпақ яғни біздің басты парызымыз. Бүгін біздің шаруа қожалықта жыл сайын дәстүрге айналған. Өзіміздің қожалықта жұмыс жасап, қазіргі таңда зейнекерлік демалыста жүрген еңбек ардагерлеріміз бар, айтар болсам Виктор Николаевич Ярошенко, Николай Михайлович Борщев, Ізбасаров Жақсылық ағай, Молдабеков Айдархан ағай, Козоряд Виктор Михайлович, Рахимжанов Жұмабек, Нурсеитов Дүйсен Вольф Полина Ивановна сынды азаматтарымызға құрмет көрсетудеміз. Себебі, осы қожалықта 20 жылға артық қызмет жасаған қызметкерлерімізге лайықты құрмет жасау біздің міндетіміз – дейді Ереке Алдажұманов.

Иә, Ереке Иманғалиұлы айтқандай бүгінгі көрсетіп жатқан құрметтеріне шақырылған қонақтарда риза екендерің жүздерінен байқауға болады. «Самрық» шаруа қожалық басшысы Сержан Алдажүманов келген қонақтарға алғыс айтып, ақшалай сыйлық жасап, құрмет көрсетті.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы – ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата- ананың ашуында жатыр», – деген.

Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иейік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық ағайын!

Жібек Мырзағали
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Жерлесіміз Ерлан Омаров Азия чемпионы атанды

Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында (далее…)

2 дня ago

Былғары қолғап шеберлері рейнгте

Ауданымызда аудан әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде (далее…)

3 дня ago

Ауданымызда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні (далее…)

2 недели ago

«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан…

3 недели ago

This website uses cookies.