Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш ашылды

1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы осы соғысқа қатысқан халықтардың өмірінде мәңгі өшпес қайғылы із қалдырды. Бұл соғыстың қазақ халқы үшін де келтірген зардабы аз емес. Қан майданда қазақтың қаншама бетке ұстар есіл ерлері мерт болды. Осы майданда мерт болған азаматтардың ерлік істері мен жанкешті еңбектері қазақ халқының жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

2019 жылдың 30 қыркүйегіндеТұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Раздольный ауылында өткен іс-шара осының  бір айқын дәлелі болды. Ауыл тұрғындары орталық алаңға жиналып, Ұлы Отан соғысына аттанып, қайтып келмей қалған және осы соғыстың құрбандарына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.Ашылу салтанатына аудан әкімі Талғат Карбозов, аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлсім Әбенова, Раздольный ауылының әкімі Ерлан Әлмағамбетов, жеке шаруа қожалық басшылары  және жергілікті тұрғындар қатысты.

Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне орнатылған ескерткіш Раздольный ауылы әкімінің бастамасымен және ауыл тұрғындары жинаған қаражат есебінен бой көтерген. Салтанатты рәсімде жүргізушілер Раздольный ауылынан майданға аттанған азаматтар мен олардың ерлік істері жөнінде айтып өтті.

– Осы ауылда туған бір топ азаматардың демеушілігімен ескерткіш бой көтеріп отыр.  «Өткенді ұлықтау – өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдың ардагер аталарымыздың есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған. Көпке үлгі боларлық өнегелі іс келешек жас ұрпаққа тарих деп білемін. Өйткені бүгінгі ескерткіште жазылған асыл азаматтардың жанқиярлық  ерлігі мен есіл еңбегі жас ұрпақ үшін өнеге, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі Талғат Карбозов пен осы ауылдың меценаты Нұрлан Сейдалин ескерткіштің лентасын қиды. Лента қию рәсімінен соң осы ауылдың тұрғыны, зейнеткер Базаркүл Нұрмановаға сөз беріліп, өз кезегінде ол Ұлы Отан соғысы мен мен тарихы туралы сыр шертіп, осы соғыста ерлік көрсеткен азаматтар жөнінде кеңінен әңгіме қозғады.

Иә, бүгінгі күн әрқайсымыз үшін тарихи сәт. Бұл ескерткіште жерлес батырлардың, Отан қорғаушылардың есімдерін мәңгі есте қалады. Раздольный ауылында ашылған «Отанды қорғағандар»ти  ескерткішіне осы ауылдан аттанған 25 соғыс ардагерлерінің есімі жазылған. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылды. Батырлардың ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі болатыны хақ.

Жібек Мырзағали

Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

1 неделя ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

2 недели ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

3 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

3 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.