Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары робототехника саласы бойынша өз жобаларын таныстырып, заманауи технологияларға деген қызығушылықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында жас өнертапқыштар түрлі бағыттағы тың жобаларын ұсынды. Олардың қатарында ұлттық нақыштағы «Қаражорға» биін билейтін робот, қоқысты сұрыптауға арналған ақылды жүйе, сондай-ақ бірнеше қызметті қатар атқаратын шағын машиналар бар. Әр жоба оқушылардың ізденісі мен шығармашылық қабілетінің нәтижесі екені анық байқалды.
Мектеп қабырғасында осындай жаңашыл бастамалардың жүзеге асуы – білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, жас буынның болашаққа деген сенімін нығайтады.
-Бүгінгі Жаңару күніне арналған іс-шара біз үшін өте маңызды болды. Біз өз жобаларымызды таныстырып, көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік алдық. Робототехникаға деген қызығушылығым артып, болашақта осы бағытта білімімді жалғастырғым келеді. Осындай шаралар бізге шабыт беріп, жаңа идеялар ойлап табуға жетелейді, деп бөлісті Адай Бекарыс.
Жаңару күні – тек табиғаттың түлейтін шағы ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар мен білімнің жаңғыратын кезеңі. Жамбыл мектебіндегі бұл бастама – соның айқын дәлелі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған жастар ресурстық орталығы
Ұлттық рухты ұлықтаған Наурыз. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
В столице нашей республики Астане состоялось торжественное мероприятие, приуроченное Международному женскому дню, на котором чествовали женщин, внесших достойный…
Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)
Кейуанаға иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетілді. (далее…)
Аудан тұрғындары өз таңдауларын жасауда. (далее…)
This website uses cookies.