Қаламы жүйрік журналистер марапатталды

Карантин уақытында байқау қорытындыланып Алғыс хаттар өз иелеріне табысталды

Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған облыстық журналистер байқауының қорытындысы туралы айтты.

Биыл коронавирус инфекциясының таралу қаупінің өршуіне байланысты, жылдағыдай журналистерді марапаттауға, құттықтауға арналған жиын өткен жоқ. Бұл туралы басқарма басшысы тәптіштеп түсіндіре өтті.

«Жыл сайын кәсіби мереке – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін мерекелеу қарсаңында облыстық Медиафорум және облыстық журналистер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілетін. Осы жылы да мұндай іс-шараны өткізу жоспарға алынған еді. Оны ұйымдастыруда «Қостанай-Медиа» ЖШС біздің серіктесіміз болды. Бірақ, өкінішке қарай, биыл коронавирус пандемиясы қалыптасқан бұл дәстүрлі үрдіске өз өзгерістерін енгізді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан салтанатты рәсімді өткізбеу туралы шешім қабылданды», — деді З.Байменова.

Облыстық журналистер байқауы ақпан айында жарияланған болатын. Онлайн режимде 80-нен астам өтінім қабылданып, құрамында журналистика ардагерлері, ғылым докторлары мен кандидаттары бар байқау комиссиясы үздіктерді іріктеу жұмыстарын атқарыпты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, облыстық журналистер сайысында түрлі номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды.

Үздіктердің әрқайсысына 160 мың теңгеден сыйақы тағайындалған. Мұның сыртында, Бейімбет Майлин, Мұхамеджан Сералин, Нәзипа Құлжанова атындағы арнайы сыйлықтардың 3 иегері іріктелді. Бұл сыйлықтардың әрқайсысының сомасы – 100 мың теңгеден. Марапатталғандардың қатарында журналистиканың 8 ардагері бар, оларға Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, биыл коронавирус инфекциясы туралы күнделікті жағдайды өзекті етіп ұсынып, жедел түрде жариялап отырғаны үшін «Азаматтық журналист» арнайы сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылданған. Бұл аталымның жеңімпазы әлеуметтік желілер пайдаланушылары арасынан таңдалды.

Сондай-ақ, биыл Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтің Алғыс хаттарымен өздерінің мерейтойына орай БАҚ-тың 4 редакциясы марапатталды. Басқарма басшысы қостанайлық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары кәсібилігімен ерекшеленетінін тілге тиек етіп, олар карантин режимі кезінде 24/7 тәртібінде тұрғындарға жедел де шынайы ақпарат таратқаны құрметке лайық екенін сөз етті.

«Барлық журналистерге осы қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ынтымақтастығы үшін ризалығымызды білдіреміз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз! — деп түйіндеді Зауре Әнуарбекқызы.

25 маусым күні журналситер күні қарсаңында Науырзым ауданының әкімі Талғат Тойшыбекұлы журналситер қауымын төл мерекемен құттықтады.

Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастырған БАҚ саласы қызметкерлері күніне арналған облыстық байқауда «Еркіті болу – Ерлік» номинациясы жеңімпазы, газет редакторы Айбек Мырзағалиұлына облыс әкімі А.Мұхамбетовтың Алғыс хатын және 160000 мың ақшалай сыйлықтың сертификаты және «Науырзым тынысы» газетінің 55 жылдық мерейтойына орай Алғыс хатпен 30000 мың қаржылай сыйлық табысталды.

Облыс Әкімі А.Мұхамбетовтың Алғыс хатының мәтіні «Құрметті Айбек Мырзағалиұлы және «Науырзым тынысы» газетінің редакциясының ұжымы! Табиғаты көркем Науырзым өңірінің тыныс – тіршілігінің жаршысына айналған «Науырзым тынысы» газетіне 55 жыл толып отыр.

Өткен ғасырда «Восход» атты шағын газеттен бастау алған басылым, осынау жылдар ішінде қызығы мен қиындығы мол үлкен жолдан өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт аудан халқының ел ырысын молайту жолындағы ерен еңбегін насихаттап келесіздер. Газет ұжымына мерейлі мерекелеріңіз толымды тірліктерге ұласып, шығармашылықтың шыңынан көрініп, оқырмындарын қуантатын хабарларыңыз көбейе беруіне тілектестігімді білдіремін» делінген.

Аудан әкімінің Алғыс хатымен газет тілшісі Дарморезова Наталья Андревна журналистика салсына қосқан еңбегі үшін және Буревестник ауылындағы меншікті тілшіміз Дмитрий Павленко да Қостанай Медиа ұжымы атынан мақтау қағазымен марапатталды.

Коронавирус жағдайына байланысты жабық есікте, санитарлық талаптарды сақтала өткен жиында аудандық мәслихат хатшысы Г.Әбенова және ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Мұттақовтар жүрек жарды тілектерін білдірді.

Газетіміздің редакторы Айбек Таңатбаев осы байқауда ұйымдастырушыларға және Қостанай Медиа орталығындағы барша әріптестеріне газет ұжымына өз алғысын білдірді.

– Бұл бір ғана менің марапатым емес, барша ұжымның марапаты деп білемін.
Барша әріптестерімді төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Сонымен қатар осы байқауға қатысуға қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақыт Исламқызына алғысымды білдіремін, – деді.

Дина ФАЗЫЛЖАНҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

11 секунд ago

В Наурзумской районной детской библиотеке состоялся XIII районный конкурс чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово»

Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…

4 часа ago

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

1 неделя ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

1 неделя ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.