Үстіміздегі жылы елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық Имамдар форумы өткен болатын. 500 имам қатысқан бұл ауқымды шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» секілді 3 құжат қабылдаған болатын.
Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейтқалиұлының ұйымдастыруымен «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау бойынша аудан жастары арасында конференция болып өтті. Мешіт имамы кездесулерде форумда қабылданған құжат «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, құжаттың маңыздылығына тоқталды. Жалпы тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиеті – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті және әділдікті қамтиды. Адамның бойында бұл қасиеттердің бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние. Болашаққа жетелейтін бұл қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру – Ұлы дала халқының рухани жаңғыруына жол ашары сөзсіз. Мешіттің алқа мүшелері Тумырза Байжанұлы, Қайролла Қасымұлы және Сағдат Исмагуловтар өз ойларын ортаға салды. Жастар үшін тағылымы мол кездесу барсында жастар рухани азық алды. Жастар бастамасымен«Еріктілер» жылына құрметіне «Жалында Қарамеңді» атаумен қайырымдылық тобы құрылды. Жиналған жастар бұл бастама арқылы қоғамдық жұмыстар мен қайырымдылық іс – шараларға белсене қатыспақ.
Айбек Мырзағалиұлы
Фота ұсынған аудандық «Түркебай» мешіті
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.