Шилі ауылындағы Мәуліт мерекесі
29 қаңтар күні Шилі ауылында қалың жұртшылықтың қатысуымен кең көлемде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Мәуліт мерекесіне арналған “Пайғамбарым-Ардақтым” атты рухани кешке имандылық жолында жүрген азаматтар арнайы шақырылды. Түркебай мешітінің бас имамы Ғабдімәліков Есет Сейтқалиұлы,Шолақсай ауылының молдасы Сержан Б.Е қатысты. Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау,жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру. Мәуліт мерекесінде ауыл әкімі Қаратаев М.Т. ауыл имамы Агзамов Ж.Т, Зибаш қажы жылы лебіздерін айтып келген қонақтарды мерекемен құттықтады. Мәуліт мерекесінде қасиетті құран оқылып, мектеп оқушылары Пайғамбарымыз (с. ғ.с) жайлы мадақ өлеңдер мен салауаттар айтты. Мереке соныңда Шотбай ақсақал ақ батасын берді. Мерекеден кейін мешітте арнайы мал сойылып жамағат атынан дастархан жайылды. Мәуліт мерекесін атап өтуге ат салысқан Шилі ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз.
Кадешова Г.К
Шилі селолық клубының меңгерушісі
Фотоны ұсынған автор
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.