«Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасы насихатталуда

Үстіміздегі жылы елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық Имамдар форумы өткен болатын. 500 имам қатысқан бұл ауқымды шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» секілді 3 құжат қабылдаған болатын.

Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейтқалиұлының ұйымдастыруымен  «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау бойынша аудан жастары арасында конференция болып өтті. Мешіт имамы  кездесулерде форумда қабылданған құжат «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, құжаттың маңыздылығына тоқталды.   Жалпы тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиеті – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті және әділдікті қамтиды. Адамның бойында бұл қасиеттердің бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние. Болашаққа жетелейтін бұл қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру – Ұлы дала халқының рухани жаңғыруына жол ашары сөзсіз. Мешіттің алқа мүшелері Тумырза Байжанұлы, Қайролла Қасымұлы және Сағдат Исмагуловтар өз ойларын ортаға салды. Жастар үшін тағылымы мол кездесу барсында жастар рухани азық алды. Жастар бастамасымен«Еріктілер» жылына құрметіне «Жалында Қарамеңді»  атаумен  қайырымдылық тобы құрылды. Жиналған жастар бұл бастама арқылы қоғамдық жұмыстар мен қайырымдылық іс – шараларға белсене қатыспақ.

Айбек Мырзағалиұлы

Фота ұсынған аудандық «Түркебай» мешіті

Редактор

Recent Posts

Сотрудники Наурзумского районного узла почтовой связи отметили Всемирный день почты

Это дата, когда внимание всего мира обращено на тех, кто ежедневно обеспечивает важнейшую функцию в…

2 часа ago

В Наурзумском районе отпраздновали День учителя

Докучаевская общеобразовательная школа в селе Караменды сегодня встретила педагогов со всех десяти школ района, чтобы…

2 недели ago

В Наурзумском районе отпраздновали День учителя

Докучаевская общеобразовательная школа в селе Караменды сегодня встретила педагогов со всех десяти школ района, чтобы…

2 недели ago

Санврачи Наурзума впервые отметили свой профессиональный праздник

Во главе этого «корабля здравоохранения» стоит хрупкая, но сильная духом женщина — Динара Мухамбетова, на…

3 недели ago

Полицейские Наурзумского района стали лучшими в соревнованиях по стрельбе

На базе учебно-тренировочного полигона департамента полиции Костанайской области состоялись масштабные командные соревнования по стрельбе среди…

3 недели ago

This website uses cookies.