Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.
1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар.
Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Осы атаулы мереке қарсаңында біздің «Балдырған» бөбекжай бақшасының «Балапан» І-ші кіші тобының бүлдіршіндері арасында «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» атты тәрбие сағаты өткізіліп, балалармен патриоттық негізде шығармашылық жұмыстар жүргізілді, ҚР мемлекеттік рәміздерін атап, ән ұранды шырқап, туымызды биікке көтеріп, астанамыз «Нұр-сұлтан» қаласына саяхатқа барып, Қазақстанның картасын өз қолдарымен жасады, би де билеп, патриоттық ән айтып өз өнерлерін көрсете білді. Біз тәуелсіз елдің болашақ ұрпақтарымыз!!!
Оразбаева Гулбахрам Берикбаевна,
«Балдырған» бөбекжай бақшасының
тәрбиешісі
Фотоны ұсынған автор
Ауданымызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа оқу жылына алғашқы қадам…
Коммунальные службы и ответственные организации заранее проводят комплекс необходимых мероприятий, чтобы с наступлением холодов объекты…
Особое внимание уделяют безопасности детей и общественному порядку (далее…)
Ее главная цель — оказать необходимую помощь детям из малообеспеченных и многодетных семей, а также…
На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…
В этом году совещание было посвящено теме «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого…
This website uses cookies.