Ауданымызда өткен облыстық байқау

Науырзым ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кішібағдарламасын жүзеге асыру аясында, талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру; жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін іздеуге ынталандыру; жас педагогтардың кәсіби қарым-қатынасы, тәжірибесі мен ой-өрісі саласын кеңейту қазіргі жас педагог туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қостанай облысы Науырзым ауданы  Жамбыл орта мектебінде жас ұстаздар арасында «Ел ертеңі-жастар» атты облыстық  байқау өткізілді.

Облыстық іс-шараға Науырзым ауданы білім беру бөлімінің басшысы Дускулова Г.Ч., Қостанай облысы білім басқармасының инновациялық –эксперименттік қызмет және шағын жинақты мектептерді дамыту бөлімінің басшысы Нугуманова Нургуль Куанышбековна, тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы  Нұржан Оразғалиұлы, Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Жұман Сүлеймен Жұмабайұлы, ауданымыздың білім беру ұйымдарының директорлары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагогикалық ұжым қатысты.

Байқауға 9 өңірден 9 білім беру мекемелеріндегі жас маман ұстаздар: Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі»  бастауыш сынып мұғалімі Жакиева Арай Нартаевна, Федоров ауданы №2 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Катешова Айгерим Гафуровна, Ұзынкөл ауданының «Российская средняя школасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әуезханова Самал Ержанқызы, Бейімбет Майлин ауданы Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебінің география пәнінің ұстазы Орынбай Тұралы Орынбайұлы, Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сәкен Динара Сейтқалиқызы, Амангелді ауданы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казканов Аманат Жақсылықұлы, Қостанай ауданы Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің  музыка пәнінің мұғалімі Қабыкенов Нуриден Арғынғазыұлы, Қостанай қаласы Қостанай қаласы әкімдігінің № 1 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Отынбай Дарын Оразалыұлы, Науырзым ауданы Жамбыл орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Намиалиев Камбар Кошкарбаевич қатысты.

Байқау 5 кезеңнен тұрды: «Мен-ұстазбын!» өзін-өзі таныстыру қатысушы өзінің педагогикалық идеяларын аша отырып, өмірлік басымдықтары мен балаларға, мамандығына, әріптестерімен қарым-қатынастары жайында презентация көрсететті; «Өнерлінің өрісі кең » өз өнерлерін ортаға салды, «Қазақтың қолөнері» номинациясы бойынша қатысушылар қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды, «Дәстүрдің озығы бар…» салт-дәстүрден сұрақтар қойылым көрсетілді. «Білімді мыңды жығар…» Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сұрақтар қойылды.

Жеңімпаздар: 1-орын  Рудный қаласы №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакиева Арай Нартаевна , 2-орын «Қостанай қаласы әкімдігінің №1 мектеп-лицейі» ММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Отынбай Дарын Оразалыұлы, 3-орын Амангелді ауданы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казканов Аманат Жаксылыкұлы. Сайыс соңында қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар ұсынылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Рухани жаңғыру- ұлттың сарқылмас байлығы» тақырыбында аудандық балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Докучаев, Мереке, Дәмді, Шилі, Шолақсай, Өлеңді, Раздольный, Жамбыл, Балалар шығармашылық үйі белсене қатысты. Нәтижесінде 1-орын Жамбыл ОМ, 2-орын Балалар шығармашылық үйі, 3-орын Мереке НМ иеленіп, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Жаркимбаева А.Ж.

Науырзым ауданы білім беру бөлімінің әдіскері

Фотоны ұсынған автор

Редактор

Recent Posts

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

2 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

2 недели ago

«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам…

3 недели ago

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді (далее…)

3 недели ago

Автодорога к селу Раздольное Наурзумского района размыта

7 апреля на автодороге   «Караменды–Раздольное-Аралколь»  произошло подтопление  дороги (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданында қоғамдық монша ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарамеңдіде қоғамдық монша пайдалануға берілді. Бұл игі істі науырзым ауданының қос…

1 месяц ago

This website uses cookies.