Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын

Әлемнің түкпір түкпірнен әлемдік деңгейдегі спортшылар қатысқан додаға, Науырзым ауданы, Шилі ауылының тумасы, қазіргі таңда Астана қаласының жекпе-жек ұлттық спортының президенті және Астана қаласының аға жаттықтырушы Әзім Қапанұлы Әбдіркенов 65 кг салмақта бақ сынап, әлем чемпионы атанды. Араға 27 жыл салып, туған еліне әлем чемпионы атанып келді.

21 қараша күні әлем чемпионы Әзім Әбдіркенов ауданымызға келіп аудан басшысы Мәди Ихтиляпов қабылдап, жеңісімен құттықтап, алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, ауданымыздың спорт секциясына қатысып жүрген болашақ чемпиондармен кездесіп, шеберлік сабақ көрсетіп, сұхбаттасты. Оқушылармен кездесу барысында Әзім Әбдіркенов ауданымыздың намысын аудан, облыс, республика көлемінде қорғап жүрген еркін күрестен Жалғас Жабатов пен бокстан Айтбай Жәнібекке ынталандыру сыйлығын табыс етті.

Сондай-ақ, өзі туып, өскен Шилі ауылына ат басын бұрып, жерлестері жырдан шашу шашып, ауыл халқы керемет көңіл күймен қарсы алды. Өзінің білім нәрін алған мектебінде болып, оқушылармен, сабақ берген аяулы ұстазымен кездесіп естеліктермен бөлісті. Ауыл әкімі Гүлнар Бірмағанбетова алғыс хат табыс етіп, ауыл ақсақалы шапан жауып, ақ батасын берді. Осы ауылдың тумалары осы ауылдан шыққан Әлем чемпионына ат мінгізді.

– Мен үшін бүгін ерекше толқыныс болды. Осылай қарсы алады деп ойламадым. Таңнан келгелі аудан басшылықтары қарсы алып, құрмет көрсетуде. Туған жеріме, еліме, білім нәрін алған мектебіме келіп бір қуанып қалдым. Осы ауылдың үлкен қариялары мен таныстарымды, туыстарымды көріп бір ерекше ілтипаттарына бөлендім. Ауылдан адам, көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді деген рас екен. Осыдан 27 жыл бұрын кетсемде, ауылым өзіме сол бұрынғыдай көрініп тұрды. Керемет сезім, – деп бөлісті қуанышты жүзбен Әзім Әбдіркенов.

Өз кезегімізде Әлем чемпионы болашақ жарыстарына сәттілік тілейміз.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ, фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Джейран Валиеваға медицина саласындағы адал еңбегі үшін марапат берілді

Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…

5 дней ago

Науырзым ауданы: Қарамеңдіде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…

1 неделя ago

Науырзым ауданының үздік оқушылары Президент шыршасына қатысты

Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

В селе Уленды Наурзумского района появилось уличное освещение: на шести улицах установили 30 фонарей

Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это  как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…

3 недели ago

This website uses cookies.