Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және Науырзым ауданының еңбек сіңірген Құрметті азаматы Сүтемгенов Тойкен Көпейшенұлын еске алуға арналған мұғалімдер арасында волейбол, асық ату сынды ойындар өтті.

Осы турнирға ауданымыздың білім саласында білім нәрін сусындатып жатқан мектептерден жалпы 7 команда қатысты. Тунир мақсаты аудан мұғалімдер арасында достық қарым – қатынас пен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар мұғалімдердің спорттық бейімдерін шыңдап, өзара тәжірибе аламсу, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Еске алу турниріне аудан әкімі Мәди Ихтиляпов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Жабағин, Тойкен Сүтемгеновтың қарындастары, балалары мен бірге қызмет жасаған әріптестері қатысты.

– Бүгін біздің мектепте 30 жыл бойы басшылық қызметте болған Тойкен ағайды екске алуға арналған v турнирді өткізудеміз. Бұл турнир биыл 5-ші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өтіп келеді. Тойкен ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ол өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам. 30 жыл басшылық қызметте табысты еңбек етті, деді мектеп директоры Роллан Нұрбаев.

Жарыс болғасын міндетті түрде жеңімпаздары болады. Биылғы жылдың турнирінде командалық есепте Шолақсай жалпы білім беретін мектебі барлық спорт түрінен алға озып, жеңімпаз атанды. Шолақсай командасы былтырда командалық есепте жүлделі болған еді. Жүлдегер командалар мен жарысқа қатысушылар ұйымдастырушылар есебінен кубок, медаль және мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған ұйымдастырушылар

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.