Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын

Әлемнің түкпір түкпірнен әлемдік деңгейдегі спортшылар қатысқан додаға, Науырзым ауданы, Шилі ауылының тумасы, қазіргі таңда Астана қаласының жекпе-жек ұлттық спортының президенті және Астана қаласының аға жаттықтырушы Әзім Қапанұлы Әбдіркенов 65 кг салмақта бақ сынап, әлем чемпионы атанды. Араға 27 жыл салып, туған еліне әлем чемпионы атанып келді.

21 қараша күні әлем чемпионы Әзім Әбдіркенов ауданымызға келіп аудан басшысы Мәди Ихтиляпов қабылдап, жеңісімен құттықтап, алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, ауданымыздың спорт секциясына қатысып жүрген болашақ чемпиондармен кездесіп, шеберлік сабақ көрсетіп, сұхбаттасты. Оқушылармен кездесу барысында Әзім Әбдіркенов ауданымыздың намысын аудан, облыс, республика көлемінде қорғап жүрген еркін күрестен Жалғас Жабатов пен бокстан Айтбай Жәнібекке ынталандыру сыйлығын табыс етті.

Сондай-ақ, өзі туып, өскен Шилі ауылына ат басын бұрып, жерлестері жырдан шашу шашып, ауыл халқы керемет көңіл күймен қарсы алды. Өзінің білім нәрін алған мектебінде болып, оқушылармен, сабақ берген аяулы ұстазымен кездесіп естеліктермен бөлісті. Ауыл әкімі Гүлнар Бірмағанбетова алғыс хат табыс етіп, ауыл ақсақалы шапан жауып, ақ батасын берді. Осы ауылдың тумалары осы ауылдан шыққан Әлем чемпионына ат мінгізді.

– Мен үшін бүгін ерекше толқыныс болды. Осылай қарсы алады деп ойламадым. Таңнан келгелі аудан басшылықтары қарсы алып, құрмет көрсетуде. Туған жеріме, еліме, білім нәрін алған мектебіме келіп бір қуанып қалдым. Осы ауылдың үлкен қариялары мен таныстарымды, туыстарымды көріп бір ерекше ілтипаттарына бөлендім. Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді деген рас екен. Осыдан 27 жыл бұрын кетсемде, ауылым өзіме сол бұрынғыдай көрініп тұрды. Керемет сезім, – деп бөлісті қуанышты жүзбен Әзім Әбдіркенов.

Өз кезегімізде Әлем чемпионы болашақ жарыстарына сәттілік тілейміз.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ, фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдықтар 60 жылдық мерей тойын сән-салтанатымен атап өтті

Кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай алуы керек. Туған жерге сүйіспеншілік туған…

6 дней ago

Науырзымдықтар 60 жылдық мерей тойын сән-салтанатымен атап өтті

Кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай алуы керек. Туған жерге сүйіспеншілік туған…

6 дней ago

В Наурзумском районе село Буревестник отметило свое 60-летие

Этот день стал праздником для всех жителей, каждый из которых внес свой вклад в его…

1 неделя ago

В Наурзумском районе работники государственной службы отметили свой профессиональный праздник

И сегодня всё больше молодых людей осознанно делают выбор в пользу государственной службы (далее…)

2 недели ago

Науырзымдық Алина «IQanat» қоғамдық қорының грантын жеңіп алды

2025 жылдың 13 маусымында Докучаев жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Алина Валиева Қостанай облысының…

3 недели ago

This website uses cookies.