Саналы ғұмырын құқық саласына арнаған

Ауданымыздың полиция ардагерлер кеңесінің төрағасы мерейлі 70 жасқа толды

Сәуір айының 20 жұлдызында аудандық полиция бөлімінде ауданымыздың полиция ардагері Қасымов Қайролла ақсақалдың 70 жас мерейтойы қарсаңында аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен полиция подполковнигі Орал Баймурзин қатысып, құттықтады.

Қайролла Қасымов 1951 жылы Науырзым ауданы, Мереке ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы мал дәрігерлік институт, ветеринария мамандығынна түсіп, 1974 жылы аяқтаған. Сол жылдың күзінде Мереке ауылында мал дәрігер болып, қызмет жасаған. 1975 жылдың мамыр айында аудандық райком партиясы жас коммуснист ретінде, милицияға (қазіргі полиция) аудандық ІІБ ОБХСС инспектор болуға жолдама берген. Милицияда қызмет етіп жүріп 1975 қыркүйегінде 24 жасында Ташкент қаласына 6 айлық арнайы курс оқыған. 5 жыл ОБХСС – да аудандық ІІБ инспектор болды. 1980 жылы аудандық көші-қон бөлімінде 14 жыл басшылық қызмет атқарған. 1994 жылы аудандық ІІБ бөлімінде штаттан тыс күзеті бөлімін 3 жыл басқарған. 1998 жылдың 1 маусымына дейін аудандық ІІБ аға кезекші инспекторы қызметін атқарып, милиция майоры шенінде зейнетке шыққан. Саналы ғұмырын полиция саласына арнаған Қайролла ақсақал 25 жыл полиция саласында қызмет етіп, қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста.

Полиция подполговнигі Орал Баймурзин полиция ардагеріне «Ішкі істер органдарындағы ұзақ және адал қызметі, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан зор үлесі, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбилеуге белсене қатысқаны үшін және 70 жасқа толған мерейтойына орай марапатталады» делінген ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал майоры Ө.Болсанбековтің құрмет громатосымен ақшалай сыйлығын және Қостанай облысы полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник А.А.Өмірбаевтың ақшалай сыйлығын табыс етті. Аудандық полиция жеке құрамы атынан мерейтой иесіне кілем сыйға тартып, сый құрмет көрсетті.

– Мен ішкі істер бөлімінде 25 жылдай қызмет жасадым. Қатардағы милиционерден бастап, желілік бөлім басшысына дейін көтерілдім. Бүгінде зейнеткерлікке шығып, жылдар бойғы еңбегіміздің жемісін жеп жатырмыз. Мынау қиын да, ауыр қызмет ішкі істер саласындағы жұмыс жасайтын жастарға батыл, берік, адал болуларын тілеймін. Жас мамандарды қазір қоғамда етек алған жемқорлықтан аулақ болуға шақырамын. Ел қорғаны болуы шарт. Барша әріптестерімді, ішкі істер саласы мамандарына, жас полицейлерге тек қана өз істеріне адал болуларына тілектеспін. Бүгін мені елеп-ескеріп, құрметтеп, құттықтап жатқандарыңа алғысым шексіз – деді ішкі істер саласының ардагері Қайролла Қасымов.

Жібек Мырзағалиқызы

Редактор

Recent Posts

В Наурзумском районе отметили День социального работника

Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдық батыр аналарға құрмет көрсетілді

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)

1 неделя ago

В селе Караменды Наурзумского района усиливают меры по обеспечению общественной безопасности

Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)

1 неделя ago

Лидеры школьного парламента Докучаевской ООШ Наурзумского района приняли участие в областном форуме

20 октября 2026 года на базе Заречной общеобразовательной школы Костанайского района состоялся областной форум лидеров…

1 неделя ago

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

3 недели ago

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

3 недели ago

This website uses cookies.