Сахналық жекпе-жек байқауына Өлеңді ауылдық клубы қатысты

Күні кеше Тобыл қаласында «Алтын дән» мәдениет үйінде Наурыз мерекесіне орай «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы өтті.

Қостанай облысынан келген қатысушылар төрт кезеңнен тұратын байқауда өз өнерін көрсетті. Бірінші кезеңде атқарған жұмыстарын көрме арқылы таныстыру, екінші кезеңде авторлық жобаларын қорғау қажет. Үшінші кезеңде Тобыл-Торғай өңірі композиторларының әнін орындап, төртінші кезеңде Наурыз мерекесіне орай салт-дәстүрге қатысы бар әнді орындау. Байқаудың мақсаты – өңір композиторларының әндерін насихаттап, ауыл клубтарының ұйымдастырушыларын қолдап, олардың шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарын бағалау.

Осы облыстық байқауға ауданымыздың намысын Өлеңді ауылдық клубының меңгерушісі Әсемгүл Ахметова қорғап, әділ-қазы алқаларының шешіміме қатысқаны үшін арнайы диполоммен марапатталды.

– Байқау өте тартысты өтті. Қазылар алқасы біздің клубтың жұмысын жақсы бағалады. Қарсыластарымызда осал емес, байқау шарты бойынша алдымен өз жетістіктермізді таныстырдық. Екінші кезеңде авторлық жоба байынша мен біздің ауылдан шыққан айтыс өнерінің хас шебері, жерлесіміз Әсия Беркенова және ауылымыздың тумасы, қазақ күресінен және дюдодан әлем чемпионы Ерлан Омаров туралы болды. Ол кісілердің өмірбаяндары мен жеткен жетістіктерін айтып, қорғап шықтым. Сондай-ақ, туған өлкем Өлеңді жайлы шағын видеоролик жасап апардым. Үшінші кезеңде Тобыл-Торғай өңірі композиторларының әнін орындау еді. Бұл кезеңде Болат Хамзиннің “Торғай қызы әнің” орындап бердім. Соңғы кезеңде науырыз мерекесіне арналған “Дастархан” ән шырқадым, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сахнада дастархан жасап көрініс көрсетті. Арнайы ет асып, ұлттық тағамдарымыз дайындап апрдық. Тағамдарымызды әділ-қазы алқаларына ұсынылды. Осы орайда аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлнүр Жақсылықоваға және қолдау білдірген әріптестеріме алғысым шексіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей. Барлығымыз осы байқауға жақсы дайындықпен бардық. Жоғары деңгейде өтті, – дей Әсемгүл Ахметова.

Бұндай байқаулар мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін танытып, өнерлерін паш етуге мүмкіндік беріп, мықтыларды анықтап, таланттарды шыңдайды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

5 дней ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

6 дней ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)

1 неделя ago

Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.