Науырзым ауданында «Ұлттық киім-ұлт ажары» байқауы өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында, жыл сайын 18 наурыз елімізде ерекше мәнге ие – Ұлттық киім күні аталып өтеді.

Бұл күн – халқымыздың төл мәдениетін, ұлттық рухын, сәндік өнерін дәріптейтін маңызды мереке. Ұлттық киім – қазақ халқының өмір салты, дүниетанымы мен талғамын айшықтайтын құндылық. Қазақы киімнің кестесіне, ою-өрнегіне, түстік үйлесіміне қарап, сол заманның өмір салты мен эстетикасын тануға болады.

Науырыз мерекесінің онкүндік наурызнамасы аясындағы ұлттыұ киім күні аудандық мідениет үйінің ұйымдастыруымен аудан мекемелерінің арасында “Ұлттыұ киім-ұлт ажары” атты аудандық байқау өтті. Осы байқауға өз ниеттерін білдірген 7 команда өзара жарысқа түсті.

Жарысқа қатысқан мекеме ұжымдары алдымен жеребе таңдап, өздерін видеоматериал және көрініс арқылы өздерін керемет таныстырып өтсе, келесі кезеңде өздерінің өнерлерін сазнада көрсетіп, ұлттық садәстүр көрсетіп жатты. 3 кезеңде командалар үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарын әкеліп әділ-қазы алқаларына таныстырды. Соңғы кезең байқаудың аты айтып тұрғандай қатысушылар ұлттық киімнен сән үлгісін көрсетті. Әр мекеме ұжымы жас кезеніне байланысты киімдерін киіп, түсіндіріп айтып берді. Жалпы байқаудың 4 кезеңінен сүрінбей өтіп әділ-қазы алқаларының шешімімен 1 орынды Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығы жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды Жамбыл жалпы білім беретін мектебі иеленсе, 3 орын аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі иеленді.

– Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп, заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе, сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса, ұлттық сәнге айналып, қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық киімді ұлықтап жүрейік, осы орайда барлық қатысқан мекеме ұжымдарына алғыс білдіремін – дейді мәдениет үйінің директоры Гүлнұр Жақсылықова.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.