Құрметті науырзымдықтар! Ардақты ардагерлер!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығымен шын жүректен шыққан құттықтауларымды қабыл алыңыздар!

Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке.  Бұл тек, сол соғыста Жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс.

Сонау ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдарында сіздер көрсеткен ерлік пен жанқияр еңбектеріңіздің арқасында мына бейбіт өмірге қол жеткізгенімізді ешқашан ұмытпаймыз.

Сіздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімі біздің жүрегімізде мәңгі орын алады, ал соғыс жеңімпаздарының өшпес даңқы келер ұрпақтың жадында сақталады.

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.

Ізгі ниетпен:

Науырзым аудандық

мәслихатының хатшысы Гүлсім ӘБЕНОВА

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.