Мерекелік медальмен марапатталды

Сұм соғыс – ардагерлеріміздің жауынгерлік қаһармандығын танытқан жан түршігерлік тарихи оқиға болса, Ұлы Жеңіс –  олардың айбынды ерлігін есте сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Біз бұл жеңісті аталарымыздың өмірімен өтедік. Сондықтан да ол – бағасы биік, маңызы мол ұғым.

Жеңіс күнін жақындату үшін жан аямай еңбек еткен тыл ардагерлерінің де ауыр күндердегі адал еңбегінің маңызы зор екендігін атап өткен абзал.

Әжем Көпей Шабдарованың айтуынша, соғыс жылдарында ауылда қалған бала-шаға, жұмысқа жарамдылардың барлығы қос өгізді жегіп, шөп шауып, бидай жинап оны бастырып, майдан даласындағыларға жөнелтіп отырған. Күндіз егін жинаса, түнде әйелдер жиналып жүн иіріп, жауынгерлерге киім-кешек тоқыған.

Әжеміздің әулетімізде алар орны ерекше. Бүгінде 90-ға келген кейуана – бала-шағасының ортасында зор құрметке бөленіп отырған тілекші қадірлі қариямыз.

Наурызым ауданының жергілікті билік өкілдері Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай, әжемізді  Ресей Федерациясы президентінің атынан мерейтойлық медальмен құттықтады, сондай-ақ аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Алмас Рахметалин және ветеринария бөлімі директорының м.у.а. Манарбек Тортаев тыл ардагеріне деген ұжымдық марапаттарын табыстап кетті.

Бізге бақытты болашақ, бейбіт өмір сыйлаған ата-әжелерімізге мың тағзым! Осы жарқын күнге жеткізген қазыналы қарттарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Болашақ ұрпағына бейбіт заман сыйлаған ардагерліміздің алдында бас иіп құрметтеу –  бүгінгі ұрпақтың бұлжымас борышы.

НАЗГҮЛ ШАБДАРОВА

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.