24 қазанда ауданымызға жұмыс бабымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов келді.
Ауданымыздың инфрақұрылымының даму жоспарымен танысты. Ең алдымен Шолақсай ауылының су құбырын, мәдениет үйін аралады. Сонымен қатар, аудандық әкімшілік ғимаратында азаматтарды қабылдап, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Бір қатар әлеуметтік нысандарды аралап, ауданымыздың тыныс тіршілігімен танысып, жұмыспен қамту бөліміне соқты.
Бауыржан Қазыбекұлы «Көші – қон» бағдарламасы аясында ауданымызға болашақта оңтүстік өңірлерден инвесторлар тарту жөнінде ұсыныс жасады.
Аудан орталығындағы халықты ыстық нанмен қамтамасыз етіп жүрген, жеке кәсіпкер Галиева Алманың “Аспаздық” дүкен – наубайханасына болып, қолға алған ісіне жоғары баға берді. Осы ауданның мәртебесі аудан әкімшілігімен халықтың бірлесіп атқаратын жұмысы арқылы көрейеді деді.
Айта кетейік, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларға оң бағасын берген мемлекеттік инспектор аудандық мәдениет үйі мен Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының «Визит» орталығына соғып, жұмыс барысымен де танысты.
Жібек Нұрсеитова
Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей, Юлие Николаевне хочется, чтобы…
Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…
С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…
На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)
Конкурс направлен на развитие творческих способностей учащихся. (далее…)
Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)
This website uses cookies.