«Гүлшаттың тәтті тоқаштары»

Гүлшаттың есімі науырзымдықтарға жақсы таныс. Себебі ол жай Гүлшат емес, торт пісіретін тәтті Гүлшат атанып кеткен.

Оның қолынан шыққан тәттілер барлық аудан көлемін қамтып отырмаса да өзінің тұрақты тапсырыс берушілерді риза етіп отыр. Біріне балды тортты, енді біріне басқасы керек болып қалғанда Гүлшаттың нөмірін тереді. Әрбірін қабылдап, уақытылы пісіріп бере қояды.

Қазір дүкен сөрелерінде торт түрлерінің көптігі соншама, көлемі, дәмі, безендірілуі жағынан бір-бірінен асып түсіп, көздің жауын алады. Бағасы да әр түрлі, бірақ өзіңнің ас үйіңде дайындаған тортыңа жетпейтіні белгілі ғой. Егер адамның қиялы ұшқыр болса, торттың түр-түрін жасап, оны пайда табу көзіне айналдыруға да болады. Бүгінде асханада ас пісіріп, түрлі тағам әзірлеуді тәп-тәуір бизенс көзіне айналдырып жатқандар жетерлік.

Гүлшат Кенжебаева да солардың қатарынан. Тапсырысқа торт пісіріп, елдің ықыласына бөленіп жүрген жандардың бірі десе де болады. Өзінің оқыған мамандығы да осы ісіне жақын. Мамандығы – технолог. Қалада наубайханада бірнеше жыл жұмыс істеп, кейін анасына көмектесемін деп елге оралыпты. Қазір тұрмыс құрып, балалалы-шағалы болып отырған жайы бар. Осы ісінің арқасында ол азын-аулақ қаражат тауып та отыр.

– Алғашында жанұяма арнап тәттілердің түр-түрін пісіріп жүрдім. Одан қалды туыс-туғандарға да пісіріп беретінмін. Бір күні көршім балды торт пісіріп беруін өтініп, 1200 теңгеге саттым. Осылайша мен бұл істен ақша табуға болатынын түсіндім. Тәттілерімнің дәмін татқандар ұнатып, тапсырыстар көбейе бастады. Әр кезде әр қалай тапсырыс түсіп жатады. Мысалы, бүгін 5 торт пісіріп шығуым керек. Адамдар көбінесе торттарды ғаламтор арқылы көріп, тапсырыс беретінді шығарды. Бұл менің бос уақытымда айналысатын ермегім ғой. Сондықтан түн ортасына дейін ұйықтамай¬тын кездерім де бар. Бастысы – тұтынушылардың көңі¬лінен шығу, яғни, сатып алушы-ларымның алғысына бөленіп, қуанышына ортақтассам болғаны, – дейді Гүлшат.

Редактор

Recent Posts

Науырзымның мектептерінде алғашқы қоңырау үні естілді

Ауданымызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа оқу жылына алғашқы қадам…

19 часов ago

Готов ли Наурзумский район к отопительному сезону?

Коммунальные службы и ответственные организации заранее проводят комплекс необходимых мероприятий, чтобы с наступлением холодов объекты…

21 час ago

В Наурзумском районе усилили профилактическую работу

Особое внимание уделяют безопасности детей и общественному порядку (далее…)

23 часа ago

В Наурзумском районе в текущем году акцией «Дорога в школу» было охвачено 60 детей

Ее главная цель — оказать необходимую помощь детям из малообеспеченных и многодетных семей, а также…

1 день ago

В Наурзумском районе отремонтируют 25 км проблемной трассы до села Киевка

На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…

6 дней ago

В Наурзумском районе прошла ежегодная августовская конференция работников сферы образования

В этом году совещание было посвящено теме «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого…

1 неделя ago

This website uses cookies.