Науырзымдық құтқарушылар құрметке бөленді

19 қазан – құтқарушылар күні. Елімізде құтқарушылар күні ресми түрде 2008 жылдан бастап тойланады.Бұл күннің таңдалу себебі осыдан тура 29 жыл бұрын Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылған болатын.

Осы айтулы мереке қарсаңында Қостанай қаласында құтқарушылар күніне мерекелік іс шара өтіп, Еліміздің өртке қарсы және құтқару қызметтерінің мамандары өз өмірін қатерге тігіп, азаматтарды құтқару жолында қызметтік міндеттеріне адал қарағаны үшін және Қазақстан Республикасының Құтқарушы күнін мерекелеу құрметіне орай бір қатар азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы және төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. Осы марапат алғандардың қатарында Науырзым ауданы өртке қарсы бөлімінің қызметкері Бисек Тастұрғанов облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрмет грамотасын алса, төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Арман Фазыл Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.

– Осы салада қызметімді 2018 жылы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылының 20 Өрт сөндіру бөлімінен бастадым. Кейін жоғары оқу орның тәмәмдап Науырзым ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде жалғастырдым. Қазіргі таңда осы бөлімнің бас маманы лауазымында жұмыс атқарудамын. Біздің жұмыстың қиын сәттері аз емес, барлық төтенше жағдайларға жауапты біздің Төтенше жағдайлар бөлімі. Бала кезімдегі арманым әскери адам болу, форма кию және пагон тағу болатын. Арманым орындалды. Төтенше жағдай- адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, солардың алдын алу біздің басты міндетіміз, дейді Арман Фазыл.

Біз өз кезегімізде ауданымыздағы өртке қарсы бөлімінің және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлірін құтқарушы күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фото Қостанай облысы ТЖБ

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.