Науырзым ауданында облыстық семинар өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басын қосқан семинар

Киелі Науырзым жерінде облысымыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинар “Оқу мақсаттарына негізделген белсенді әдіс-тәсілдер” атты тақырыбы аясында өтті. Облысымыздың әр ауданынан келген мұғалімдер аудан орталығындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде бас қосты. Келген қонақтарды балалар шығармашылығы үйінің “Домбыра” үйірмесінің оқушылары келген қонақтарға күмбірлеген күйлер шертіп, жақсы көңіл күй сыйлады.

Семинарға қатысушы мұғалімдер әр түрлі тақырыпта өткізілген ашық сабақтарға қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

– Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Барлық жоспарланған іс шаралар да өз мақсатына жетіп, әріптестерім өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мен үшін күтпеген кездесу болды, өйткені менің ашық сабағыма менің сынып жетекшім – Маржан Жұмағазықызы қатысты. Ол кісінің менің ұстаздық жолыма қосқан үлесі өте көп, ең бастысы сол кісіге еліктеп, мектеп қабырғасынан ұстаздық жолға қызығушылығымды оятқан кісінің бірі деп білемін. Семинар ашық сабақтардан басталып, шебер-сыныптармен жалғасын тапты. Әріптестерім сабақтарында оқу мақсатына негізделген белсеңді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданып, жасанды интеллект пен заманауи платформаларды да іс жүзінде көрсете білді. Ұйымдастырушы әдіскеріміз Әйгерім Мұратбекқызына да алғысымыз шексіз, дейді семинарға қатысушы Докучаев жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнұр Хасенова.
Семинар барысында Науырзым ауданының педагог-шеберлері ашық сабақтар мен шебер-сыныптарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқу мақсаттарына негізделген белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсетті.

– Облыстық семинар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 18 қазан күні «Науырзым ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде “Оқу мақсаттарына негізделген белсенді әдіс-тәсілдер” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізді.

Семинарға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Е. Иманкулов қатысты. Семинардың қорытындысы бойынша, мұғалімдер белсенді әдіс-тәсілдерді оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын талқылап, өзара пікір алмасып, тәжірибе жинақтады, дейді білім бөлімінің әдіскері Әйгерім Рахметалина.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған аудандық білім бөлімі

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.