Науырзымдық оқушылар арасында әскери-патриоттық үш күндік басталды

Ауданымыздағы білім беру ұйымдарында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында әскери-патриоттық үш күндік іс-шаралар бастау алды.

Аталған ауқымды шараға аудан мектептерінен іріктелген оқушылар қатысып, өзара бақ сынауда.

Үш күндік бағдарлама мазмұны өте бай. Оқушылар саптық дайындық бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, әскери тәртіп пен ұйымшылдықты меңгеруде. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық элементтері, қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар және спорттық сайыстар қамтылған. Бұл шара жасөспірімдердің тек физикалық қабілетін ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен тәртіпке деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі, бір-біріне деген қолдауы және командалық рухы ерекше байқалуда. Қатысушылар әр тапсырманы жоғары ынтамен орындап, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін дәлелдеуге тырысуда.

-«Мұндай әскери-патриоттық үш күндіктер – оқушылар үшін өте маңызды тәжірибе. Бұл тек жарыс емес, нағыз тәрбие мектебі. Балалардың бойында тәртіп, ұйымшылдық, жауапкершілік және Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады. Әсіресе командалық жұмыстар кезінде олардың бір-біріне деген сенімі артып, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйренеді. Осындай шаралар арқылы біз ел болашағын тәрбиелеп жатырмыз», – дейдіОразбек Тишбаев.

«Бұл әскери-патриоттық үш күндік біз үшін өте қызықты әрі пайдалы өтіп жатыр. Біз тек жарысып қана қоймай, тәртіп сақтауды, командамен жұмыс істеуді, бір-бірімізге қолдау көрсетуді үйрендік. Саптық дайындық кезінде әр қимылды дұрыс әрі нақты орындау маңызды екенін түсіндік. Ал алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өмірде қажет болатын маңызды білім берді.Осындай шаралар бізді шыңдап, жауапкершілігімізді арттырады. Болашақта елін қорғайтын, Отанын сүйетін азамат болуға үлкен әсер береді деп ойлаймын», – дейді қатысушы оқушы.
Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, аудан абыройын асқақтатқан қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және жүлделі орындармен марапатталмақ.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

7 дней ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

1 неделя ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

2 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

2 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.