Науырзым ауданында алғаш рет «Жамбыл жұлдыздары» жарқырады

Науырзым ауданында алғаш рет Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде «Жамбыл жұлдыздары шеруі» атты салтанатты іс-шара өтті.

Дарынды оқушылар мен үздік ұстаздарды ұлықтауға арналған кеш ерекше әсерге толы болды.

Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Көкішев қатысып, білім, өнер және спорт саласында жоғары жетістікке жеткен оқушылар мен олардың жетекшілерін марапаттады. Өз сөзінде ол жастардың жетістігі – ел болашағының айқын көрінісі екенін атап өтіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Мерекелік кеш барысында түрлі номинациялар бойынша үздіктер анықталып, алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар мектеп оқушылары ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараның басты мақсаты – оқу мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген оқушылардың жетістігін дәріптеп, олардың бойындағы талантты қолдау. Бұл бастама шәкірттердің білімге деген құлшынысын арттырып, жаңа жетістіктерге жігерлендіре түсті.

– «Бүгінгі “Жамбыл жұлдыздары шеруі” – оқушылардың бір жыл бойғы еңбегінің жемісі. Әр баланың жетістігі – ұстаз үшін үлкен мақтаныш. Осындай тағылымды шаралар шәкірттердің ынтасын арттырып, болашаққа сенімін күшейтеді», – дейді Гүлзат Мырзабекова.

Осындай айтулы шарада жұлдыздар қатарынан көрінген оқушыларда өз қуаныштарымен бөлісті.

– «Мұндай кеште марапат алу – біз үшін үлкен қуаныш. Біздің жетістігімізді бағалап, қолдау білдірген ұстаздарымызға және ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тырысамыз», – деп бөлісті Айтбай Мұхамеджан.

Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген «Жамбыл жұлдыздары шеруі» алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады деген сенім мол.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 неделя ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

1 неделя ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.