Науырзымдық еңбек ардагерлеріне “Науырзым ауданының Құрметті азаматы” атағы берілді

Бүгін еліміздегі ұлық мереке – Республика күніне мерекелік іс шара өтті.

1990 жылдың 25 қазан күні ҚазССР- нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын. 8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, араға 13 жыл салып мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.


Мерекелік іс шараға аудан басшысы Мәди Ихтиляпов қатысып, ұлық мерекеге жиналған халықты құттықтады.

– Осы мереке күні Сіздерге біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында амандық, бақыт, бейбітшілік, келісім тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін, – деді аудан басшысы.
Осы мерекеде аудан әкімі бір қатар азаматқа облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады.

Бүгінгі осындай керемет мереке күні ауданымыздың ардақты да құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, көп жылдар бойы ауданда, ауданның шарушылықтарында жетекшілік етіп, ел тіршілігін ойлаған еңбекқор, Науырзым өңірінің өміріне, оның өркендеуіне, рухани өміріне аямай күш – жігерін салысқан ағаларымыз Бекбаев Жұматай Тілепұлына және Серғалиев Тобылжан Серғалиұлына «Науырзым ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.


– Бүгін республика күні қарсаңында Науырзым ауданының басшылары көп жылғы еңбегімізді бағалап осындай атақ беріп жатыр. Республика күнінің мемлекеттік деңгейде, елімізде тұратын барша ұлт пен ұлысқа ортақ мереке ретінде тойлануы – халқымыздың бойына қуат, жүзіне қуаныш сыйлаған оң шешім. Рухани құндылығымызды, қазақы қайсар рухымызды, бай тарихымызды, бабадан қалған даланың мұрагері ретінде алты алашты әлемге таныту арқылы осы тарихи датаның біз үшін қасиеттілігін аша білуіміз, көрсете алуымыз қажет. Сол себепті бұл күннің қажеттілігі мемлекетіміз үшін зор деп санаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!- дейді Жұматай ағамыз.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзым ауданында облыстық мұғалімдерге арналған педагогикалық форум өтті

Ауданымызда қазақтың ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсаринның 185 жылдығына арналған «Ыбырай ізімен: тәрбие, білім, рух»…

6 дней ago

Жительница Наурзумского района София Полякова через домбру открывает для себя богатство казахской культуры

Наурзумская земля издавна считается местом, где бережно сохраняются и передаются из поколения в поколение культура…

6 дней ago

На территории Наурзумского района были проведены взрывные работы

С приходом долгожданного весеннего тепла в Наурзумском районе началось активное таяние снежного покрова. (далее…)

2 недели ago

Науырзымдықтар ұлық мерекеміз наурызды тойлады

Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)

2 недели ago

Наурыздағы бәйгеде Өлеңді ауылы топ жарды

Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…

2 недели ago

Дәмді ауылдық округіндегі әз Наурыз думаны дүркіреп өтті

Дәмді ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кең көлемде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып…

2 недели ago

This website uses cookies.