Науырзымда ұлттық мұра жаңғырып келеді

Өлеңді ауылының тұрғыны Ерболат Бияхметов атадан қалған қамшы өру өнерін қайта жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дәріптеп жүр.

Бала күнгі қызығушылығын қайта қолға алған шебер бүгінде қамшымен қатар жүген, ноқта, тізгін және арқан есумен де айналысады. Жиырма жылдан астам уақыт еңбек пәнінің мұғалімі болған Ерболат ұлттық қолөнерді жастарға насихаттауды өз міндеті санайды. Оның айтуынша, қамшы – жай ғана бұйым емес, қазақтың рухы мен тарихын, ата-бабадан қалған асыл мұраны айшықтайтын қасиетті құндылық.

Қазіргі таңда шебер қамшының сабын ауылда өсетін күлген ағашынан жасап жүр. Ал ең сапалы материал саналатын тобылғының тапшылығы жұмысты қиындатқанымен, ол сапалы шикізат іздеуді тоқтатпай келеді. Сонымен қатар қайысты өз қолымен өңдеп, қажетті материалды ауыл жағдайында дайындауды мақсат етіп отыр.

– Ұлттық қолөнер – халқымыздың рухани байлығы. Қамшы өру арқылы мен тек бұйым жасап жатқан жоқпын, ата-бабадан қалған аманатты жалғастырып келемін. Бүгінде жастардың ұлттық өнерге қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Егер осы өнерді үйренемін деген жастар болса, бар білгенімді үйретуге дайынмын. Өйткені ата кәсіптің үзілмей, келер ұрпаққа жетуі – бәрімізге ортақ міндет, – дейді Ерболат Бияхметов.

Бүгінде шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныс артып, тапсырыстар ауданнан тыс өңірлерден де түсуде. Бұл – халқымыздың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығының қайта жаңғырып келе жатқанының айқын көрінісі.

Жібек Мырзағали
Суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

1 неделя ago

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

1 неделя ago

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

4 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

4 недели ago

This website uses cookies.