Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар және халықты алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды.

Аудан әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов соңғы сегіз айда атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, инфрақұрылым және абаттандыру бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі 2026 жылы әлеуметтік осал топтарға арналған төрт екі қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты. 32 пәтерден тұратын жаңа үйлер тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған.

Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы көрсетіліп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы абаттандыру шаралары таныстырылды. Қараменді ауылында Коваленко отбасының үлгілі ауласына барған облыс әкіміне ауыл әкімі Сабыржан Нұрғазин атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласының мәселелері де көтерілді. «АқЖол78» ЖШС директоры Талғат Сағадиев саладағы өзекті мәселелерді айтса, жас белсенді София Полякова жастардың ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан аудан орталығындағы шағын көшелерге асфальт төсеу, көше жарығын жақсарту және бес жылдан бері құрылысы аяқталмаған мәдениет үйінің мәселесі көтерілді. Облыс әкімі аталған мәселелер шешілетінін жеткізді.

– Халықтың көкейінде жүрген мәселелерді тікелей облыс басшысына жеткізуге мүмкіндік туды. Жол, жарық, мәдениет үйі – елдің күнделікті тұрмысымен байланысты маңызды мәселелер. Айтылған ұсыныстар нақты іске ұласады деп сенеміз, – деді аудан ақсақалы Өмірзақ.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауданның алдағы даму бағыттары талқыланды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор

admin

Recent Posts

За 40 лет во дворе жительницы Наурзумского района цвели более 80 видов цветов

Цветы во все времена были настоящим украшением любого сельского двора. (далее…)

1 неделя ago

В отдел полиции Наурзумского района поступило 40 обращений по факту безнадзорного выпаса скота

В Наурзумском районе проблема безнадзорного и бродячего скота  особенно актуальна в период сезонного выпаса.  …

2 недели ago

В Наурзумском районе наступил один из самых ответственных и напряжённых периодов сельскохозяйственного года

По данным отдела сельского хозяйства, в текущем году посевная площадь сельскохозяйственных культур по Наурзумскому району…

3 недели ago

На ремонт дороги Уленды-Буревестник в Наурзумском районе из областного бюджета выделено 120 миллионов тенге

Эта трасса давно была наболевшим вопросом для жителей Наурзумского района. (далее…)

3 недели ago

Жители села Караменды выражают обеспокоенность по поводу засохших цветов

По данным аппарата акима Карамендинского сельского округа Наурзумского района, в текущем году на территории села…

4 недели ago

This website uses cookies.