Науырзымда ашылған музей қорында ескі сепаратор бар.

Науырзым ауданы тарихи мұраларға бай өлке. Ол жерде Қазақстан даласы табиғи кешенінің үздік үлгісі болып табылатын мемлекеттік қорық орналасқан.

Қазақтың қасиетті жерінде баршамызға ортақ киелі жәдігері Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенесі, Түркебай әулие Ақанұлының жерленген жері бар. Осындай қасиетті мекенде өлкетану музейінің ашылғаны қуанарлық жағдай.

Қазақ мал баққан ел ғой, сол малымен ақшасын тапқан, тамағын айырған. Отын жинап, сүт кайнатып, қаймағын айырып, майын қолмен алған. Қолмен тартатын машина – сепаратордың қазақ жерінде пайда болуы олардың жұмысын біршама жеңілдетті. Музей қорында тұрған мына сепаратор 1957 жылғы. Ауыл тұрғыны Жолдас Анаев бұл бұйыммен балалық шағын байланыстырады.

–Әкем мен шешем үйленген жылы алған басты және құнды заттары осы сепаратор болған екен. Ол  кезде  Дана-Бике  ауылында тұрамыз. Осы сепараторды ауыл болып, сүттерін тартып, пайдаланған екен. Шешем бұл құралды 90 жылдарға дейін, істен шыққанша пайдаланды. Менің балалық шағымның естелігі, – дейді Жолдас аға.

Ай ӘБДІЛДА

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

5 дней ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

5 дней ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)

1 неделя ago

Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.