Науырзым ауданының орталық алаңында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай мерекелік іс-шара болып, бірқатар азаматтар марапатталды.

Оған аудандағы бүкіл мекеме, ұжым өкілдері салтанатты сап түзеп, Мемлекеттік ту желбіреді.

1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.

Орталық алаңда бас қосқан салтанатты жиында аудан әкімі Мәди Ихтиляпов сөз сөйлеп, құттықтауын жеткізді.

– Құрметті жиналған қауым. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер мерекесімен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, халықтың рухын көтеретін ұлы құндылығымыз. Мемелекеттік рәміздерде айшықталған асқақ рух бар. Оған әрқашан адалдық танытып, еліміздің дамуына еселі еңбек ете берейік, – деді ол.

Мерекелік шара аясында аудан басшысы жоғары көрсеткіштерімен танылып келе жатқан үздік спортшыларды марапаттады. Олардың қатарында Мирас Тұрманов бар. Ол еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, жастар арасында Қостанай облысының жеңімпазы және республикалық жарыстардың жүлдегері. Ересектер арасында Қостанай облыстық спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Осы сияқты Арман Ахотов та болашағынан үміт күттіріп жүрген спортшы. Қостанай облысының чемпионатының жеңімпазы. Бокстан 2021 жылғы Марат Якубовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионатының күміс жүлдегері. Жасөспірімдер арасында ҚР құрама команда мүшесі. Марапатқа кенелген спортшының бірі – Нұрбол Китебаев. Қостанай облысының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Халықаралық турнирлерінің қатысушысы. 74 келі салмақта «Қостанай қыраны-2024» чемпионатының күміс жүлдегері. Аты аталған спортшылар ауданның ғана емес, еліміздің намысын көтеріп жүрген жандар. Бүгінгі маңызды күнде марапатталып жатқандарына риза.

Ай Әбділда

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 неделя ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

1 неделя ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.