Науырзым ауданында жаңа бизнес жобалар қолдау тапты.

Кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алғысы келетін жандар аз емес.

Ол үшін үкімет тарапынан жыл сайын грант бөлінеді. Ол грантты алу үшін жан-жақты дайындалып, бизнес жоспарды қорғап шығу керек. Ауданда кәсіпкерлікпен айналысамын дегендердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жалпы елімізде 9,1 мыңға жуық адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9 093 грант берілген. Оларды еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады.

–Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер салық органдарында өз қызметін тіркейді, банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі еңбек мобильділігі орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады, – дейді комиссия мүшесі Гүлжанат Тазыбекова.

Ұлттық жоба шеңберінде грант алуға үміткерлер түрлі жоба ұсынды. Олар ауылды жерлерге қажетті деген жақсы идеялар. Мысалы, қосымша оқу кабинетін, балалар демалыс аймағын ашу, сүт және кондитерлік өнімдерді өндіруді қолға алғысы келетіндер бар. Комиссия грант алуға үміткерлердің өтінімдері мен ұсынылған құжаттарын қарап, ұсынылған 4 жобаның ішінен екеуін таңдап алды. Олар: Айдын Хамзин мен Орынгүл Жұмағазина. Оларға мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды. Екеуінің де жобалары комиссия мүшелерінің көңілінен шықты.

Айдын Хамзин екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат. Бірақ соған қарамастан қолға алған ісін жүзеге асырғысы келеді. Ал Орынгүл Жұмағазина көпбалалы ана. Қожа ауылынан кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқысы келеді.

–Бүгін төрт бизнес жобаны қарадық. Соның ішінде екі жоба өте жақсы екен. Бірі балалардың білімін арттыруға арналған орталық ашу болса, екіншісі ауылдық жерде тәттілер пісіретін кондитерлік цех ашу. Екеуі де ауылдық жерге қажетті бастама. Мұндай жобаларға қолдауға болады, – дейді Гүлжанат Тазыбекова.

Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды тиісті критерийлер бойынша бағалайды. Олар бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру жағына көп көңіл бөледі.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша оң шешім алған азаматтар «Жұмыспен қамту орталығы мен электронды түрде келісім шартқа (ЭЦҚ арқылы) қол қойылады. Қол қойылған сәттен бастап жыл көлемінде қаржының мақсатты игерілуі, жобаның іске асырылуы туралы тоқсан сайын есептіліктерді «Электронды еңбек биржасы» порталындағы жеке кабинеті арқылы тапсырып отырады. Жұмыспен қамту орталығы қаржының мақсатты жұмсалуына  мониторинг жұргізіп отырады. Мақсатсыз жұмсалған грант иегерлері қаржыны кері қайтарады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.

Ай Әбділда

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

1 неделя ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

1 неделя ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

2 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

2 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.