Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңы ашылды

Оқу жылы аяқталып, асыға күткен оқушылардың жазғы демалыс маусымы да басталды. Өзінің ерекшелігімен әр балаға жақсы көңіл-күй сыйлайтын, оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай каникулда балалар алаңсыз асыр салып ойнайды. Бала ағзасын шынықтыруға, баланың эмоционалды, тұлғалық,танымдық дамуына ықпал ететін жағдайды қамтамасыз ету әрбір қосымша білім беру ұйымының басты міндеті.

Жаздың әр күнін қызықты етіп ұйымдастыру үшін түрлі тәрбие әдістері қолданылады. Осы бағытта аудандық Балалар шығармашылығы үйінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы салтанаты өтті. Оған ата-аналар балаларын қуана-қуана жіберді.

–Жазғы сауықтыру алаңына «Келді, міне, жайдарлы жаз, Балақай, сен бойыңды жаз!» деген тақырыпты таңдадық. Атауы айтып тұрғандай бар жақсылықты балаларға береміз. Бұл сауықтыру алаңының мақсаты – балалар демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы үшін қажетті жағдайлар жасау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту, – дейді шығармашылық үйі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Диана Сәкенқызы.

Лагерьдің алғашқы күні ұйымдастыру кезеңінен басталды. Балалар бір-бірімен және ұстаздармен танысып, тіл табысты. Түрлі қызықты ойындар ойнап, би билеп, топ болып жарысты.

Жаз мезгіліндегі уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан қосымша білім беру ұйымы үшін баланың бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.

Ай Әбділда

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

5 дней ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

5 дней ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)

1 неделя ago

Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.