–Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер салық органдарында өз қызметін тіркейді, банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі еңбек мобильділігі орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады, – дейді комиссия мүшесі Гүлжанат Тазыбекова.
Ұлттық жоба шеңберінде грант алуға үміткерлер түрлі жоба ұсынды. Олар ауылды жерлерге қажетті деген жақсы идеялар. Мысалы, қосымша оқу кабинетін, балалар демалыс аймағын ашу, сүт және кондитерлік өнімдерді өндіруді қолға алғысы келетіндер бар. Комиссия грант алуға үміткерлердің өтінімдері мен ұсынылған құжаттарын қарап, ұсынылған 4 жобаның ішінен екеуін таңдап алды. Олар: Айдын Хамзин мен Орынгүл Жұмағазина. Оларға мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды. Екеуінің де жобалары комиссия мүшелерінің көңілінен шықты.
Айдын Хамзин екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат. Бірақ соған қарамастан қолға алған ісін жүзеге асырғысы келеді. Ал Орынгүл Жұмағазина көпбалалы ана. Қожа ауылынан кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқысы келеді.
–Бүгін төрт бизнес жобаны қарадық. Соның ішінде екі жоба өте жақсы екен. Бірі балалардың білімін арттыруға арналған орталық ашу болса, екіншісі ауылдық жерде тәттілер пісіретін кондитерлік цех ашу. Екеуі де ауылдық жерге қажетті бастама. Мұндай жобаларға қолдауға болады, – дейді Гүлжанат Тазыбекова.
Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды тиісті критерийлер бойынша бағалайды. Олар бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру жағына көп көңіл бөледі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша оң шешім алған азаматтар «Жұмыспен қамту орталығы мен электронды түрде келісім шартқа (ЭЦҚ арқылы) қол қойылады. Қол қойылған сәттен бастап жыл көлемінде қаржының мақсатты игерілуі, жобаның іске асырылуы туралы тоқсан сайын есептіліктерді «Электронды еңбек биржасы» порталындағы жеке кабинеті арқылы тапсырып отырады. Жұмыспен қамту орталығы қаржының мақсатты жұмсалуына мониторинг жұргізіп отырады. Мақсатсыз жұмсалған грант иегерлері қаржыны кері қайтарады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
Ай Әбділда
Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…
Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…
Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…
Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…
This website uses cookies.