Науырзым ауданында көк байрақ желбіреген күн

Наурызым ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті. Аудан тұрғындарының қатысуымен өткен салтанатты шара елдік пен бірліктің айқын көрінісіне айналды.

Мерекелік іс-шара Мемлекеттік Ту көтеру рәсімімен басталды. Көк байрағымыз биікте желбіреп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған сәтте көпшілік ерекше толқынысқа бөленді.

Шара барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әсерлі көріністер ұсынды. Әсіресе, жас буынның мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен мақтанышы анық байқалды.

Мерекелік жиында сөз алған аудан азаматтары Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылды.

Сонымен қатар, Қостанай қаласында өткен «Қостанай қырандары» додасында өз салмақ нәтижелері бойынша 3 орын алған Әлібек Бөкенов пен Аян Қабдолланы марапаттады.

Аудан тұрғындары да мерекелік шарадан ерекше әсер алғандарын жеткізді.

— Бүгінгі мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көк Туымыздың желбірегенін көріп, ерекше мақтаныш сезімі оянды. Осындай патриоттық шаралар жастарға үлкен тәрбие береді, – дейді аудан тұрғыны Әмина Әмірғалиева.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ, суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

5 дней ago

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

3 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

3 недели ago

This website uses cookies.