Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынға мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер қатысып, олардың қоғам дамуындағы маңызды рөлі ерекше аталып өтті.
Іс-шара барысында аудан басшысы мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосып, өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттады. Марапат иелерінің еңбегі жоғары бағаланып, оларға алдағы жұмыстарына табыс тілегі айтылды.
Сонымен қатар мерекелік шара аясында «Мемлекеттік қызметшінің баласы» атты байқауға қатысқан бүлдіршіндер де назардан тыс қалмады. Байқауға қатысқан жас өрендерді аппарат басшысы Камалхан Қалиева марапаттап, сый-сияпат табыстады. Бұл балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама болды.
Мемлекеттік қызмет – халық пен билік арасындағы сенімді көпір. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандарға кәсібилік, жауапкершілік және ел мүддесіне адал қызмет ету қасиеттері аса маңызды. Осындай тағылымды іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің еңбегін дәріптеп қана қоймай, жас ұрпаққа өнеге болары анық.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ Суретті түсірген автор
Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)
Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)
Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)
В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
This website uses cookies.