Categories: Новости

«Әл-Фараби-ойшыл ғұлама»

Кітап – адамзат баласына ағарту, һәм білім сыйлай береді. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпиялары сақталған. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдерден арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады.

Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді» деген сөз бар.Жалпы, кітап – құндылық, ол адамды көбірек ойға жетелейді, албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады. Кітап – дос, жұбатушы әрі басшылық қабілетті арттыратын құрал.

Белгілі ақын Аманхан Әлім бірде: «Кітап та адамды тәрбиелейді, бірақ ол көпжылдық жеміс сияқты, жемісін бірден бермейді, алдымен жан-жүрегіңе әсер етіп, сана-сезіміңе ықпал етеді де, бірте-бірте ойыңа да, бойыңа да сіңіп,  уақыт өте ғана  жемісін береді. Білімді әрі білікті азамат ретінде эволюциялық жолмен қалыптастырады» дегені бар-ды.Аудандық орталықтандырылған кітапханада: Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби-ойшыл ғұлама» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрмеміз бес  бөлімнен құралды .

1-ші  бөлім: «Әл-Фарабидің рухани әлемі»

2-ші бөлім: «Әл-Фараби мұрасы:Қазақстандық философиялық зертеулер»

3-ші бөлім: «Әл-Фарабидің туған жері Отырар қаласы»

4-ші бөлім:«Әлемдегі үйлестіктің сырын білмей, кәміл қоғамқұру мүмкін емес»

5-ші  бөлім: «Әл-Фарабидің пайымдауынша,философияның  маңызы өте зор»   әдебиеттеріміз де  осы тақрыптарға орай топтастырылды.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,- деп М. Шаханов ағамыз жырлағандай өз алдына үлкен мақсат  қоя білген, соған жету үшін талпынған, және сол жолда тер төгіп еңбек еткен   ең үлкен адам- Әл-Фараби бабамыз. Тұнғыш ғылым әлемінде «Екінші ұстаз» атанған  үлкен  адам:Қазақтың тұңғыш психологиялық шығармалар жазған бабасы; Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы» атты тұңғыш ғылыми енбек жазған ғалым  Әл-Фараби-Шығыстың ұлы ойшылы,  әмбебап –ғалым.Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған,Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» деген дана халқымыз.

Соны ескере келе Әл-Фараби  бабамыздың ғылым жолына өз үлесін қосарда, табанын тоздырып бүкіл әлемді шарлап,  ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгергені кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра, ең құнды асыл қазына деп ойлаймын. Оның аманат етіп қалдырған ең ұлы шығармаларын, әлі де зерттелмей жатқан ұлы мұраларын  әрі қарай терең зерттеу жастар сіздердің еншілеріңізде. Жастардың уақытын бос,пайдасы жоқ тірлікке емес,тиімді істерге,біздің ұлы бабамыз Әл-Фарабидің қайталанбас ғажап туындыларымен танысып,содан үлгі алуға жұмсауларын қолдар едім.Біздің көрмемізді Жамбыл орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушылары тамашалап, аудандық кітапхананың кітапханашысы Айман Шайкемалқызы әр бөлімге тоқталып, әдебиеттерге толық шолу жүргізді.

Сәуле Зейнолақызы

Аудандық кітапхана меңгерушісі

Редактор

Recent Posts

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

7 часов ago

В Наурзумской районной детской библиотеке состоялся XIII районный конкурс чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово»

Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…

11 часов ago

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

1 неделя ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

1 неделя ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.