2020 жыл «Волонтерлер жылы» болып белгіленді және осыған байланысты барлық аймақта және облыста түрлі сипаттағы бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр.
Оның ішінде санитарлық тазарту мен абаттандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. ЖРО қызметкерлері мен ЖРО еріктілері, Шилі ауылының «Жалынды Жастар» еріктілері болып @BIZBIRGEMIZ республикалық акциясын қолдап бірқатар жұмыстар атқарды. Жастар Ресурстық орталығының белсенді еріктілерінің бастауымен,ҰОС-ның 75 жылдығына орай, “Таза болса табиғат-аман болар Адамзат” атты акция өткен болатын. Акцияның аты айтып тұрғандай жас еріктілер “Олар жеңіспен оралды” ескерткішінің айналасын қардан тазартқан болатын.
Соңғы күндері қардың көп жауып, бораны жиі соғуына байланысты ЖРО қызметкерлері ауданымызда тұратын жалғыз басты қариялар Грушко Вера Ивановна мен Мударисова Хадиша Хафизовна əжейдің үйіне барып, қажетті көмегін көрсетіп, ауласындағы қалың қарын күреп, тазалап қайтты. Қарттарға көмек көрсету – қоғамдық міндет болып табылады емес пе?
Шилі ауылының кітапхашысы мен клуб меңгерушісінің бастауымен «Жалынды Жастар» еріктілеріжалғыз басты ана, қамқоршысынан айырылған Темірбекова Арайлым апайымыздыңауласын тазартып, жауған қарын күреп, ағаштарың бұтап көмектерің берді.Дәл осындай акцияларауданымыздаәрі қарай да жалғаса беретініне сенімдіміз жәнеосындай игі бастамаларды қолдауға барлық аудан азаматтарын шақырамыз!
Жастар ресурстық орталығы
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.